Ақан сері айтқан екен...

Ақан:    Ассалаумағалейкүм!
Молда:    Алейкумассалам, Ақжігіт!  Әлі де діннен безіп, шайтан жолында жүрмісің?
Ақан:    Әркімнен арагідік еститін сөзімді сіздерден де естігім кеп тұрғаны шамалы. Одан да құрысқан арқаларыңды жазып жіберейікші, кәне!
Молда:    Біз сенің күнде қақсайтын өлеңіңді тыңдай келгеніміз жоқ. Ән - әңгіліктің ісі, домбыра - сайтанның жынысы. Аз тоқысаң да, көп   оқығаның бар деуші еді ел, одан да исламнан сөйле.
Ақан:    Ақиреттен сөйлеп, шариғат айтуға шамаларыңыз болса қатысуға мен даяр. Дүмше молда ел бұзар, күлже қожа ен бұзар.  Ақиқатты жақтаған мына мені кім бұзар?! Байқаймын, оттығуға емес, соқтығуға келген екенсіздер. Онда мен әуелі кім екендіктеріңді   мына жұртқа таныстырайын.

Мұндайлар күндіз жусап, түнде өреді,
Ұрлықты түнде қылған кім көреді?
Жегені осылардың адал емес, 
Баланың кәкәйімен күн көреді.

Білмей жүр бұл молдалар кім екенін,
Қайдан келген, білмейді, һәм мекенін.
Тентіреп Түркістаннан келіп едің,
Келе сала биледің қазақ елін.
Момын қазақ сендерді жетілтіп ед,
Семіріп көтермеңдер кеуделерің.

Жігіттер!
Жігіттер, ең әуелі іс біліңдер,
Дем салып, молдаларды үшкіріңдер.
Сүннетін пайғамбардың көп айтады,
Алдымен осыларды піштіріңдер!

Кандидат Мен ҚАЗАҚПЫН! 12.01.2015 жариялады
115,533 сұрақ
292,582 жауап
152,690 пікір
58,892 қолданушы