Ақылға қонбайтын 5 ескерткіш

Ескерткіш дегенің аты айтып тұрғандай бір адамды, тарихты немесе бір мәдениетті ескертетін зат. Бірақ, төмендегі ескерткіштер не үшін салынғанын түсінсем бұйырмасын…
 

1. Томск қаласындағы "Қазір, айтам..." ескерткіші

Бұл ескерткішті «Бақыт ескеркіші» деп те атайды. Алайда, бір нәрсені түсінбеймін, «Ну погоди» мултьфильміндегі қасқырға ұқсатылған ескерткіштің қай жері бақыт сыйлайды екен.
 

 

2. Төңкерілген La Trobe ескерткіші, Аустралия, Мелбурн қаласы

Бұл ескерткіш Ла Тробе университетінің ауласында орналасқан. Төңкеріліп салынғаны үшін, әлемде атаққа кенелгені бір түрлі екен. Түсінбегенім, сонда өз жазушысын жерге қаратып, мазақ етіп қойғандары ма?

 

 

3. Бала жегіш ескерткіші, Швецария

1546 жылы салынғандықтан, ескерткіштің тарихы терең. Әрі, ол туралы көптеген аңыз әңгімелер бар. Солардың бірі — грек мифологиясындағы Кронос деген бала жегішке адамға арнап салынған деп жатады. Бір ойлайтыным, басқа дені дұрыс адам табылмаған ба сонда?

 

4. Beatles ескерткіші, Алматы


Бұл әншілерге айтарым жоқ. Әлемде атақты әншілер екеніне дау жоқ. Бірақ, өз жерімізде кіндік қаны тамған, көптеген бұлбұлдай сайраған әншілер бола тұра, осыларға Алматының төрінен орын бергендері — мен үшін түсініксіз, әрі мәнсіз болып қала бермек.

 

5. Die Badende ескерткіш, Гамбург, Германия

Сөз жоқ, ұят қайда?

 


 

P. S Менің ойымша, мұндай ЕСКЕРКІШ салғанша, қаржыны МЕКТЕП, ЖОЛ немесе сол секілді пайдалы істерге жұмсаған дұрысырақ. Ескерткіш салсын, бірақ әр нәрсенің де шегі бар.

 

Қызықты деректер 17.03.2015 жариялады

10 пікір

сонғысына  тан қалдым,біртүрлі екен.Төңкеріліп тұрған ескерткіш ужас.Өлген адамнын ескерткішін солай қойғаны несі.

Бірінші ескерткіш мына мултиктен алынған болуы керек
 

точно есіаме түсті,бәсе ну поголиге ұқсамайды.Мультик жақсы мағыналы
Философ, саған ештене жақпайды екен) Төңкеріп қойғаны шынымен ыңғайсыз, бірақ біз білмейтін бір астарлы ой жатуы мүмкін.  Beatles ескерткіші алматыда тұрса не болыпты)
Ескерткішті салу да оңай шарау емес. Ақшаның болмайтын іске жаратылғаны мені қынжылтады
Мен қарсы емеспін. Маған десе неге Ағылшын футболистері мен әншілерін түгелдеп шықпайды!? Ақшаның бос нәрсеге жаратылып жатқаны қынжылтады. Ал, ескерткішке қадалып қалатын болсақ, қазақ зиялыларының санын тарих айтсын. Жазасыз кеткендерін тарихшылар айтсын. мен үндемейін
Мына жерде кіл ғылымның шегіне жеткендер пікір қалдырыпты)) (философ, хирург, биолог)
Ғалымдар бас қосып қапты ғой :))
троль жетіспей тұр дейсің ғой..
Алматыдағы әдеміғой
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы