#2 Өмір туралы афоризмдер

 

— Махаббат деген — басқа бір жан үшін де өмір сүре білу. (Love means to try to live for someone else, too.) 

Осыдан махаббаттың тек сезім мен жылы құшаққа бату емес екендігін, сонымен қатар жомарттық пен жанқиярлық екенін тереңінен түсінеміз.

— Қалаулар уақытша болғанымен, шешімдер әрдайым аумайтындай бекітілген болады. (Desires are temporary. But, decisions are permanent.) 

Ия, қаншалықты көп қаласақ та, соңғы шешімді өзіміз береміз. Сондықтан болар, шешім жасау өте жауапты іс деп айтып жатады.

— Болашағыңның авторы тек өзіңсің. (Only you can write your future.) 

Автор жазған жазбаларына жауапты болса, адам баласы жасаған істері мен шешімдеріне жауапты болмақ. Сол үшін кейде басты іске қосып жұмыс жасату керек, сезімдерге қатты көңіл бере берместен.

— Менің бағым екенін біле тұра қалаймын. Мен үшін қатты қиын шешімге соғатын іс болар осы. (I want it, but i know that it is not mine. Sometimes it confuses me.)

Кейде, біздің қатты қалаған нәрсе, біз үшін қайырлы болмауы мүмкін. Оған да дайын болу керек деген үндеу бар бұл сөзімде.

— Жүрекке баратын жол, бірінші асқазан арқылы өтеді. (The road to heart at first passes through the stomach.) 

Тоқ адаммен сөйлескен ерекше бір көрініс. Ал, аш адамды тойдырып, онымен сұхбат құрған одан да керемет. 

— Қаншалықты өмірден шаршап, қысылсақ та, ең басытсы тірі екенімізді ұмытпай шүкір етуіміз қажет. Сектор Газада өлім деген қалыпты жағдай. (Even you are tired or bored, at least you are alive. In sector Gaza, there is battle for live.) 

Өмірде болып жатқан бассысыздық пен түсініспеушілікке, жабайылық пен зорлыққа деген ішімдегі сезім мен көңіл болса керек. 

— Барға шүкір ете алу да — өнер. (Ability to thank God is also one of the skills.)

Жоқты бардай, барды байда көрудің қажеті жоқ. Кейде, шүкір еткеннің өзі болашақтағы алтын қазыналарға жол ашады деген сөз бар. 

Жазылған барлық ағылшынша тіркестер менің қолымнан жазылған. Еш жерден көшірілмеген және заңмен қудаланбайды.

Бірінші бөлімге өту үшін астыдағы сілтемені басыңыз.

#1 Өмір туралы афоризмдер

Өз ойым 17.03.2015 жариялады

2 пікір

Керемет афоризмдер екен. Бірақ 4інші афоризмді өңдесеңіз. Ағылшыншасын оқып барып түсіндім. Қазақшасы түсініксіз
Пікіріңе алғыс білдіремін. жарайды. Жақын арада жөндейтініме сөз берейін. өзің осылайша ой толғандырып көрдің бе, негізі?
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы