Көпшілікке ойнатуға арналған ойындар



"Фараон"
Бірнеше адамның көзі байланады. Байланған көздерімен олар алдындағы заттар қолымен ұстап анықтауы тиіс. Ең бастысы олар 2 затты (мысалы доп, ручка, йогурт, банка, т.с.с.) анықтаған соң олардың бірінің қолдарына жылы, қабығы аршылған шұжықты, екіншісіне бананды, үшіншісіне саңырауқұлақты ұстатыңыз.

"Ойымды аңғар"
Қатысушылардың алдындағы карточкада заттың атауы жазылған, енді өздерінің жұптарына соны сөзбен астарлап, немесе ыммен жеткізуі керек.

"Сөз-Сойыл"
Интерактивті тақтада ойнатылады. 4 тақырып әрқайсысында 50, 40, 30, 20  балдық  4 сұрақтан болады.

"Жан бітірім"
Тақтадағы слайдтағы суретке ат қою керек. Суреттер күлкілі, әрі ат қоюға ыңғайлы болуы керек.

"Той"
"Өзбектің тойы - би жарыс, орыстың тойы - құй да іш, қазақтың тойы - жиналыс." Үш жұп бірінші өзбектің тойында би билеп жарысады. Көрермендердің шапалағы аздау болған 1 қатысушы ойыннан шығады. Орыстың тойында үстелге 5 стакан қойылады, оның кейбірінде тұщы су, кейбірінде тұз қосылған су, т.с.с. Сигнал берілгенде кез келген стакандағы сұйықтықты жылдам тауысу қажет, аз шапалақ бұйырғаны ойыннан шығады. Қазақтың тойында қолтығынан шығып тұрған тамаданың қолына қарап, соған байланысты тілек айтады. Жеңімпазға сыйлық бұйырады.

"Пародия"
Қатысушылар саны қанша болса, сонша шар болады. Олардың ішінде қатысушыларға қойылатын талап жазылады. Мысалға заты өтпеген саудагерді салу, айтқаны болмаған сәбиді, ел алдында сөйлеп тұрған депутатты, т.с.с. Қатысушылар кез келген шарды (қолмен немесе арнайы инемен) жарып, ішіндегі қағазды дауыстап оқып, соны орындау қажет. Қорытындысы көрермендер шапалағы бойынша анықталады.

"Ей, 42 әріп"
Әр қатысушы өздеріне ұнаған әріпті дауыстап атайды. Олардың қолына сол әріп жазылған қағаз ұстатады,олар бұл қағазды көрерменге көрсетуі тиіс (шатаспас үшін). Ойыншылар өздеріне жүргізушінің қойған сұрағына сол әріптен басталатын жауап беруі керек. Мысалға сұрақтар: "Ас атасы - нан, апасы кім?", "Алма - Ата бар, Алмұрт - Ата неге жоқ?", "Осыдан жүз жыл бұрын не болды?". Жауаптардың алғашқы әрпі ғана сәйкес келсе болады.

"Ойландырар Он бесСсұрақ"
Ойыншы саны аздау болғаны қажет, себебі нақты жауап табу қиын. Сұрақтардың түрлері өзгеше болуы қажет, мысалға:
Аспан мен жердің арасында не бар? (мен сөзі)
Жылан неге жылайды? (жыламайды)
Пілден аумайды, бойы 1 метр, түсі сұр, ол не? (пілдің баласы)
Аңшы ағашта отырған 7 құсты көріп оның 2-еуін атып алды, бұтақта қанша торғай қалды? (қалмады)
Су астында сіріңке жағуға бола ма? (сүңгуір қайықта ғана)
Қандай құстар бір бірінің көзін шұқымайды? (қарғалар)
Осылайша жалғаса береді. 15 сұраққа ұтымды, күлкілі жауап берген кісі сыйлық алады.

"Кім жылдам?"
Ойын жүргізушісі шын 500 бірліктік картаны жұрт көзінше тексеріп ашып, қырады. Жұрттар дайындалып отырады. Жүргізуші асықпай кейде тез сандарды оқып шығады, кімге бірлік түседі сол жеңеді. Бірлік түскен нөмірдің иесі - жеңімпаз сахнаға шақырылады. Ол өз өнерін көрсетуі керек. Егер өнері өте керемет болып жатса гүл сыйлайды.

"Абайлама"
Бір жігітті сахнаға шығарады. Одан соң оған көрермендер арасынан қыз әкелуі керектігі айтылады. Әкелген қызын 12 метр ары жерге орындыққа отырғызады. Мұнан соң көрермендерден ұялы телефон сұралып шыққанынша, ел бергенінше жинап алады. Одан соң жігіт пен қыздың арасына телефондар қояды. Жігіттің көзін байлайды, қолына қолғап кигізіледі. Көзі байланған жігіт 12 метр жердегі қызға барып, оның бетінен сүюі керек. Ал жолда телефондар жатады, оны басып кетпеуі керек. Жігіттің аяғын көтеріп қадам басуы ескертіледі. Жігіттің көзі байланған бойда жердегі телефондарды қайтадан жинап алады. Жігіт абайлап жүріп қызға 2 метр қалған кезде қыздың орнына басқа біреуді отырғызады. Жігіт басқа біреудің бетінен сүйеді. Жеңімпазға гүл немесе басқалай сыйлық.

"Жарыс"
Төрт жігіт шақырылады. Олар көрермендер арасынан қыз әкелуі керек. Әркім өз жұбына қарама қарсы 5 метр арақашықтықта тұрады. Жігіттерге жеребе тасталады. Әр оралған қағазда олардың мінетін көліктерінің аты жазылған, өздеріне тиген көліктің дыбысын, жүрісін салып қызды алып өз орнына келуі керек. Орама қағазда кез келген көлік болуы мүмкін: тасбақа, есек, BMW, Жигули, т.с.с. Ең жақсы ойнаған екі жұпты көрермен шапалағы арқылы анықтайды. Қалған екі жұптың алдарына 2 газет жаяды. Олар газеттің үстінде тұрып билеуі керек. Музыка ауысқан сайын газетті ортасынан майыстыра береді. Аяғы газеттің шетіне шығып кеткен жұп жеңіледі.

"Тойда оқылған хат"
Асаба той үстінде тойшыға келген хат жайлы хабарлап қалыңдық пен күйеу жігіттің көзінше хатты оқиды. Соңғы жағын қолымен басып тұрады.
— Сәлем, Жаным! Қалайсың? бүгін тойың болады дегесін қолыма қалам алып саған хат жазбасқа болмады. өйткені сен бұрын тек мендік болған едің. Екеуміз талай жаздың шырайлы кештерінде бірге жүрген едік. Сен ең алғаш гитара үйрене бастағанда мен сенің қасыңда болған едім және екеуміз алғаш ән айтқан едік. ( Осы жерге келгенде үйленіп жатырған жігіттің маңдайынан тер бұрқ ете қалды, сірә кім екенін есіне түсіре алмай отырған болу керек. Ал қалыңдық болса бұлқан-талқан бола бастады, ол жүзінен байқалған болатын). Есіңде ма Айбек үйленгенде де тойға екеуміз барған едік? Сол тойдан кейін еуеуміздің арамыз алшақтай бастады. Өйткені сен сол тойда басқа біреуге ғашық болып қалған болатынсың.
Сол күндері мен сенімен бақытты едім. енді міне бүгін қолыңа ақ құсыңды қондырып жатырсың. Екеуің өмірде бақытты болыңдар, балаларыңыз көп болсын! Енді маған жолықпа, мен сені ұмытамын, сенде мені ұмыт.
Тек бір өтінерім, мен есік жақта тұр едім ( Осы жерге келгенде барлығымыз есік жаққа қарап қалдық, қай қыз екен деп) Маған соңғы рет қол бұлғашы орныңнан тұрып. (Күйеу жігіт орнынан тұрып қол бұлғады.)
Рахмет Жаным, тағы да жұбыңмен бақытты бол. Игі Тілекпен: Сенің бойдақтық кезің

Қызықты деректер 12.01.2015 жариялады
115,849 сұрақ
293,674 жауап
152,787 пікір
59,778 қолданушы