2 мақал түсінігі

Осы күнге дейін түсінбей келген қазақтың 2 мақалы туралы алдыңғы жазбамда айтып кеткен болатынмын. Кейбір бауырларымыздың өтініші бойынша, өз талғамым мен ойыма салып, талдап көрейін…

«Жігітке жеті өнер де аз»

Қазақ халқы өнерге жақын келеміз. Тарихтан мысал берер болсақ, ақындар, сазгерлер, әртістер, домбырашылар, күйшілер, батырлар… Бұл тізгінді шексіздікке дейін жалғастыруға болады. Сондықтан шығар, әрбір қазақ өзінің баласының өнерлі, жігерлі болғанын қалап, орта оймен қойылған қанатты сөзді шығарып, мақал ретінде бекіткені. Мақтан жағынан алда болмасақ, артта емесіміз анық. Кім қаламайды дейсің, баласының сонау елдердің ауыздарында жыр болып жүргенін. Алайда, 21 ғасыр келді, заман өзгерді десек те, қазағым сол баяғы әдеттерден арыла қоймаған. Сізді білмеймін, кіші кезімнен ағайын-туысты таң қалдыру үшін, іште тығылып жатқан қырларым мен сырларымды іздей бастайтынмын. Бос мақтанға әуре болғанша, қызығушылығымды іздеген дұрыс па деп қалдым, кейіннен есейгенде. Ал, мақалдың төркініне сөз берер болсақ, адамның жан-жақты, көреген болғаны бірінші орында өзіне үлкен пайда. Ми қыртысының дамуы тек сол өнерде ғана қалып қоймайды. Әр жаңа нәрсеге құмартып, үйренуге тырысқан сайын, қосымша сіз миыңыздың жұмыс істеу қабілетін арттырып, тіпті өмірде көбінесе қиын шақта жетіспейтін сабыр мен шыдамдылық, логика мен тапқырлықты дамыта аласыз. 

«Екі кеменің басын ұстаған суға батады»

Негізі, толықтай келісемін. Бір уақытта екі істі жасайтын адам, екі істі де толықтай тындырмайды. Екі бөлікке бөлінген адамдай екі жақта қалып кетсең, тағы бір сәрі. Анам айтпақшы «Менің он қолым жоқ қой»- дейтін. Әрине, қалжың орнымен. Алайда, домбыра тарта отырып, өлең айтқан, айтыста түрлі өнер көрсеткен, бір қолымен қозы ұстап көкпар шаба білген. Бұл шындықтарды көрмеген секілді көз жұмып өтіп кетейін бе? 

Жооқ, көреместен келе алмаймын. Сонымен, қорытындымды шығарайын. Менің жеке ойым ойынша, қолдан келгенше өзіңді таны. Сократ солай бекер айтпаған. Өзіңді максималды түрде танып, қызығушылықтарыңның барлығын тізіп шыққан дұрыс. Сонымен, басымдылығына қарай бөліп тастап, дамытуға деген алғы шарттарды жасау керек. 

Әрбір адам баласы — екі қайталанбас жеке тұлға. Сенің маңыз бермей жүрген қызықты қылығың немесе көрінбей жүрген өнерің бүкіл әлемді таң қалдыруы ғажап емес. Тек, еңбек етіп, жұмыс жасасаңыз болғаны…

Мысал беріп кетейін, ынталандыру үшін.


Джоанна Роллинг — отбасылы, ажырасқан, аз ақшамен күн көретін әйел етін. Жазып, басып шығарған Гарри Поттер кітабы арқасында, бай адамдардың, абыройлы адамдардың қатарына қосылды. Күніне ол, тек 2 сағатын арнаған екен — жазуға.

P.S. Өмір сүру үшін еңбек етпей, еңбек ету үшін өмір сүрейік…

 

Өз ойым 16.03.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,369 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы