#1 Өмір туралы афоризмдер

05.08.14

 

 

Баяғыдан бері бір нәрселер түртіп жүруге құмар едім. Санама сіңген сол философия әлі күнге дейін қалмай келеді. Аура қалса да, әдет қалмайды деген бар емес пе. Кейде тілін таңдамай, ағылшын тілінде де кетіп жатады. Өзім үшін сол сөздер бір байлық қоры секілді. Өзімізді бір Геродот пен Конфуций, Птомолей мен Буддаға теңемесек те, ойдан шыққан нәрсені халықтан жасыруды қиянат көрем. Ұнаса түртіп аларсыздар, ұнамаса Абай атамды дәйексөз етіп, өз сөзім өзіме деп қоя салам. 

— Бос өткен уақытқа әлі талай өкінетінің туралы еш хабарың жоқ. (You will regret for those times, you spent for nothing) 

Барлығымыз да уақытты әр түрлі өткізіп жатырмыз. Пайдалы қылып қалуға тырысып жатқандар — ақиқатқа бір табан жақын болады.

— Негізі менің өмірім басқалар ойлағаннан да қызық. Тіпті, оны мен де білмеймін. (My life is more interesting than it thought to be, even i dont know) 

Өзіне сенімділікті артық көретін адамдарға арналады. Тіпті, қазіргі қоғамда өзін төмен көріп кеткендер біршама. Соның арасында өзім де болғанмын. Кейде, ұстап қалады.

— Өзіңнің кім екеніңді көрсет маған, сенің кім екеніңді айтып берейін. (Tell me who you are, i will tell you who you are) Негізі, бұл сөздің түп нұсқасында дос туралы айтылады. Алайда, заманымызда, досы түгілі өзінің кім екенін, болашақта кім бола алатынын білмейтіндер өте көп.

— Рухымды құтқарар тек махаббат ғана! (Only love can save my soul) 

Махаббат деген сөздің түбіне жете алғандар ғана түсінер бұл қатарды. Алайда, мен әлі сол тырысып жатқандардың қатарындамын. Бірге тырысайық, достар!

— Өмір сүретіндей көрінген біздерге еш әңгіме жоқ! (Most of us just showing that we are living. In fact, we dont.) 

Екіжүзділік тараған мына заманда бір-бірімізді қолдап жүрмесек, өмір сүріп жүргендей көрінгеннің еш пайдасы жоқ. 

— Бір нәрсе үйрене алмайтын адамдарға уақыт құртудан аулақ бол. (Dont waste your golden time for those people from who you cannot learn anything)

Өмірден тәжірбие алып, сол нәрсені адамдармен бөлісу неткен керемет бір сезім. Ал, ештеңе бере алмайтын ішінде суы жоқ стақан секілді адамдарға бос уақытыңды құртпағаның абзал деген сенімдемін. Әрқашан дамуда жүрейік..

Жазылған барлық ағылшынша тіркестер менің өз қолымнан жазылған. Еш жерден көшірілмеген және заңмен қудаланбайды.

 

Өз ойым 16.03.2015 жариялады

7 пікір

Түсінгенім, бұл Абай атамыздың дәйексөздері болғаны ма?

Ең ұнағаны осы болды  — Негізі менің өмірім басқалар ойлағаннан да қызық. Тіпті, оны мен де білмеймін. (My life is more interesting than it thought to be, even i dont know)  

Брилл! Мақтаншақ қазақ болмасам да, қарапайым тілмен айтайын. Бұл менің қара сөздерім. Жұмыс жасап жүргенімде, өмірде көрген жағдайларыма байланысты түртіп жүретінмін. Кейде, ағылшынша, кейде орысша, кейде қазақша. Шыны керек, ең қиыны жинақтап, ағылшын, орысшаны қазақшаға аудару болды. Көбіне ағылшынша жаздым. Ойларымды ағылшынша жақсы жинайды екенмін.)
Мұнынмен келіспеймін!Бұл сенің ойыннан шыққан сөздер ме?Бұрынырақта бұларды оқып тастағам)
Бір-екі сөздерін ғана өзгерткен боларсыз )Тезірек патенттеп алыңыз , менде сөздерің өзгертіп өзімдікіне аударып алып қоярмын XD
Қалжыңды жақсы жасайды екенсің. +4
2-ші бөлігін жариялайын деп отырмын. Оқып көрерсің.
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,091 қолданушы