Қазақ салт-дәстүрлері 12.01.2015 жариялады

Ерулік.

Біздің халқымызда «ЕРУЛІК»-деген тамаша дәстүр бар. Бір ауылға басқа жақтан көшіп келіп қоныстанған жанұяны көршілері шақырып, үй-жайын көрсетіп, елге келдің жатырқамай аралас-құралас болайық деген ниетпенен дастархан жайып ас беретін болған. Бір айта кетердігі бұндай шақыруға бала-шағасымен сол жанұяны түгел шақыратын болған.Осы қарым-қатынасты «ЕРУЛІК БЕРУ»-деп атаған. Халық арасындағы "Ерулікке қарулық"- деген сөз осыдан қалса керек.

117,497 сұрақ
301,230 жауап
153,252 пікір
64,477 қолданушы