Қаржы мәдениеті 10.03.2015 жариялады

Әдетте, отбасылық бюджет кірістен және шығыстан тұрады. Кіріс дегеніміз айлық табысыңыз. Шығыс - ай сайынғы жұмсалған қаражат. Отбасының қаражаттан тарықпауы көп жағдайда кіріс пен шығыс есебін дұрыс жүргізуге байланысты. Бізде көптеген отбасылар кіріс-шығыс есебін жүргізбейді. Нәтижесінде шығысы мен кірісінің арақатынасын білмейді. Жалақысы жарты айға жетпейтін кезі көп. Олай болмауы үшін не істеу керек?

Бюджетіңіздің шығыс бөлігін дұрыс жүргізу үшін, алдымен кіріс бөлігін дұрыс жоспарлаған дұрыс. Біз сізге кіріс туралы бірнеше кеңес береміз.

Негізгі кіріс көздері туралы анық білгеніңіз жөн: жұмыс, сыйлықтар, әлеуметтік көмек
Жеке қызығушылығыңыз, білігіңіз бен біліміңізге лайық жерде мәнсабыңызды қалыптастырғаныңыз жөн.
Жылдам табысқа үміттендіретін күдікті нәрселерден қашыңыз.
Білім бұл басты нәрсе. Білім деңгейіңіз жоғары болған сайын, табыс табу мүмкіндігіңіз де жоғарылайды.
Бұрынғы бастығыңыз немесе ұстазыңыздан жұмысыңыз туралы оң көзқарастағы ұсыным хат жазып беруді сұраңыз.
Әрқашан жұмысқа тұру кезіндегі анкета/арызда деректерді толық және тәжірибеңіз туралы ашық жазыңыз.
Өзіңізбен жұмсыс істейтін адамдармен танысыңыз. Командалық жұмыс мәнсабыңыздың негізгі бөлігі. Бұл да сіздің кірісіңізге әсер етеді.
Ақша таба бастағанда, 5+ деп бағалайтындай жұмыс істеңіз. Табыстың өздігінен пайда болмайтынын ойлаңыз.
Отбасыңызбен кіріс пен қосымша табыс туралы жиі әңгімелесіңіз.

"Қаржы мәдениеті" туралы толығырақ ақпарат алу үшін, басыңыз. 

117,050 сұрақ
298,366 жауап
153,118 пікір
63,357 қолданушы