Мереке де береке!

Көктемнің алғашқы қарлығышы іспетті болған осынау халықаралық қыз-келіншектер мейрамы есігімізді қағып келді. Таң ата күндегінден сәл өзгеше тірліктің лебі байқалады. Терезеден жай ғана бақылап тұрдым. Бәрі асығыс. Осы жылғы 8 наурыз жексенбі күніне түскендіктен болар, аз қуанышын көбейтіп кейбір нәзік жандылар дүкен аралап жүр. Мен де дүкен аралап туысқандарымды құттықтап үлгердім. Көшеге шықсаң қарсы бағытта келе жатқан әрбір екінші сұлу мен аналарымыздың қолынан гүл көресің. Еріксіз қуаныш сыйлайды екен. Мен де анама гүл алмаққа ниеттеніп, гүл сататын дүкендердің біріне бас сұқтым. Қызық енді басталды. Дүкеннің іші ұзын сонар кезек. Қызмет көрсетіп жатқан 4 қыз. Бірақ үлгеріп жатқандары шамалы. Басқа дүңгіршектерге де бас сұқтым, бәрінде осы бір жағдай, бір сипат. Студент болған соң алды-артыңа қарап қарекет жасайсың ғой. Алдын ала жинаған азын-аулақ ақшам барды. Бар ойым "бір құшақ" гүл алып анамды қуанту. Сонымен не керек гүлдің бағасын сұрастыруға кірістім. Өзімше кереметін алу ғой баяғы. Жалғыз бір раушан (роза) гүлінің бағасын сұрап ем 1000 теңге деді. Өңіне қарасам күнделікті 500 теңгелік гүл. Тосылып қалдым. Менен кейін кірген ерлі-зайыптылар: "бір гүлдің бағасы 1000 теңге, ал біз екі гүл алуымыз керек" - деді. Қызық болсын деп біраз гүлдердің бағаларын сұрастырып шықтым. Бір сөзбен айтақанда "У"-дай екен бағалары. Енді бір букет гүлдің бағасын өзіңіз пайымдай беріңіз. Жылда осы мезгілде Голландия мен Германиядан тонналап гүл алып келеді екен. Голландиялық гүл деп, соңғы кезде Қытай гүлдерінің  саудасы да қызады. бір жыл онекі ай, үш жүз алпыс бес күннің бір ғана күнінде нәзік жандыларға тегіс гүл сыйланады деуге болады. Енді осынау, аталмыш күні гүлдің бағасы не себепті шарықтап кетеді екен?!

Өз ойым 9.03.2015 жариялады

1 пікір

Пах,қандай әдемі гүлдер )
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы