Дәрілік өсімдіктерді (грек жаңғағы, сирень, қалампыр) пайдалану әдістері

Грек жаңғағының орташа биіктігі 25-30метрге дейін жетеді. Грек жаңғағы 200-300 жылға дейін өмір сүреді. Отаны – Иран, Грекия, Италия және Батыс Еуропа елдеріне тараған. Жаңғақ 10 жылдан кейін мол өнім береді. Грек жаңғағының ядросы калориялық құрамы жағынан барлық жаңғақ тұқымдастарынан асып түседі. Бұл орайда бидай нанынан 3 есе, сиыр етінен 10 есе асып, сары майға жақындайды. Халық медицинасында грек жаңғағының дәнінен, жапырағы мен тамыр қабықтарынан алынған шырын, майы емдік – диеталық мақсатта қолданылады. Мысалы, рахит, сары аурумен ауырған балаларды оның жапырақ жаңғақтарының қайнатындысымен емдейді. Тұнбасы дәкеге батырып жараның бетінен басады. Ал байлауға ыңғайсыз жерлерге сұйық май сияқты етіп жағады. Асқазан, ішек ауруларын емдейді.

1)Грек жаңғағының пердесін алып этил спиртіне саламыз. Қараңғы жерде 20 күн тұруы керек.

-Ас ішектің жұмысын реттеуге;

-Асқазандағы астың қорытылуын;

-Қалқанша безінің жұмысын реттейді.

Үй жағдайында күйген тері бетіне жақса жараның бетінің тез жазылуына септігін тигізеді. Құлақ, тіс ауруына тамшы арқылы пайдаланса ауырғанды басады.

2.Сирень ағашы гүлдерінің қураған бөлігін жинаймыз. 2 литрлік банкіге толтырып салып, үстіне 2 литр этил спиртін қосамыз. Қараңғы жерде 1 ай тұруы керек. Емдік қасиеті – қол-аяқ буындары сырқырағанда, буынға суық тигенде, буындарға тұз жиналғанда осы дәріні пайдаланса көмегі тиеді.

3.Қалампыр  15грамм

Лимон 1 дана

Апельсин 1 дана

Ет турағышта өткіземіз. 0,5 суға 500грам этил спиртін қосамыз. Ерітінді бірнеше күн бойы қараңғы жекрде тұруы керек. Күніне 50 грамнан үш мезгіл ішілуі қажет. Емдік қасиеті – қан тамырларының тромбысына ем.

Дәрілік өсімдіктерді физиотерапия арқылы тері ауруларын емдеуге болатындығын және ағзамызды уламай халықтық медицина тәсілдері мен денсаулықты жақсарту жолдарын қарастыруға болады. Егеменді, тәуелсіз мемлекетімізді азулы мемлекеттердің қатарына көзі ашық, көңілі ояу, салауатты өмір салтын ұстанған, денсаулығы мықты деп білеміз. Әрқашан да ауырып дәрі іздегенше, ауырмайтын жол іздейік.

Пайдалы кеңестер 12.01.2015 жариялады
116,249 сұрақ
295,169 жауап
152,911 пікір
61,061 қолданушы