Қызықты деректер 6.03.2015 жариялады

1944 жылдың 22 ақпанында кеңес мергені Төлеуғали Әбдібеков пен неміс снайперінің арасында соңғы жекпе-жек өтеді. Тұмау тиіп, ауырыңқырап қалған Төлеуғали бір сәтте мойнынан жарақат алады. Ауыр жараға қарамастан ол неміс снайперін өлтіреді. Бұл оның соңғы қарсыласы еді. Жалпы соғыс барысында аға сержант 397 фашистің көзін жояды.

Қаза тапқан қаһарман зиратының басында оның № 2916 снайперлік винтовкасы Төлеуғалидің ең үздік шәкірттерінің бірі Әшірәлі Османәлиевке тапсырылады. Әшірәлі майдандас досының ісін жалғастыруға ант етеді.

117,327 сұрақ
300,258 жауап
153,151 пікір
64,004 қолданушы