Алтай тілдері

Алтай тілдері

Бұл туыстық тілдер тобы Азия мен Ресейдің солтүстік-батыс өңірлерін, Финляндия мен Венгрияны, орталық Азияны, Балтық бойы мен Еуропалық Ресейдің оңтүстік-шығыс бөлігін қамтиды. 2004 жылғы дерекке сәйкес, сөйлеушілер саны 380 млн адам. Құрамында 60 жуық тіл бар алтай тілдер тобы бірнеше тобы таралу аумағы мен ұқсастығына қарай бес топқа бөлінеді.

1. Финн-угор тілдері: финнің суоми, эст, лив, лопар, черемис, мордва, зырян, вотяк, пермяк деген секілді тайпаларының қолданысындағы тілдері, сонымен қатар, остяк, вогул, венгр немесе мадьярлар да осы топтағы тілдердің қолданушысы.
2. Самоед тілдері: Мұзды мұхит маңындағы, Ресейдің Еуропалық бөлігі және ең көп қолданатын Сібірдегі тұрғындардың қолданыстағы тілдері. Диалектілері өте көп әрі таралу аумағы үлкен болғандықтан, беске бөлінеді.
3. Түрік тілдері: Балқан мен Жерорта теңізінің шығысында тараған. Сөйлеушілер саны ең көп тілдердің бірі. Диалектілеріне қарай адакалий, адрианполь, босний, македон тілдері және айдын, измир, караман, кений, сивас диалектілері болып екіге бөлінеді.
4. Моңғол тілдері: Бұл тілдер Қытайдың солтүстік-шығысы мен Сібірдің оңтүстік-шығысында, Еуропалық Ресейде және Астраханда мекендейтін моңғол халықтарының (халхастар, чахарлар, буряттар мен қалмықтар) қолданысында.
5. Тұнғыс тілдерінде маньчжурлер мен тұнғыстың бірнеше тайпасы сөйлейді.

Әр түрлі өңірлерді біріктіретін бұл туыстық топтағы тілдердің синтаксистік құрылымы мен лексикасы ұқсас. Мысалы, түбір – сөздің бөлінбейтін бөлшегі болып саналады, жұрнақ мағынаны өзгертіп қана қоймай, сөзді дыбыстық өзгеріске ұшыратады. Одан бөлек, бастауыш та, толықтауыш пен пысықтауыш та баяндауыш алдында кездеседі. Айта кетейік, жапон тіліне осы топқа жатқызуға байланысты пікірталас әлі жалғасуда. Неміс ғалымы Винклердің айтуынша, жапон тілінің синтаксистік құрылымы алтай тілдеріне өте жақын болғандықтан осы туыстық тілдер тобына қосу қажет, алайда өзге лингвистер тілдерді бір топқа жинақтау үшін бұл ұқсастықтардың жеткіліксіз екенін алға тартады.

Қызықты деректер 5.03.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы