Қызықты деректер 5.03.2015 жариялады

қайнатылған жұмыртқа, ренетурация

Ирвайн қаласындағы Калифорния университетінің химиктері эксперимент нәтижесінде піскен жұмыртқаның алғашқы қалпына келтіруге. Ол үшін несепнәрді қолданып, кейін арнайы құрылғы арқылы зат бөлшектерін біріктірген. Жұмыртқаны қайнату кезінде ақуыздың денетурациясы жүретіні белгілі. Заттың ішкі құрылысы бұзылып, протеин бөлшектері үлкен бөлшектерге біріктіріледі, ал бұл ақуыздын қатты затқа айналып, ақ түске айналуына алып келеді. Ғалымдардың айтуы бойынша, бұл - қайтымды процесс.

Оған дәлел мына зерттеу жұмысы бола алады. Ғалымдар жұмыртқаны 90ºС температурада 20 минут қайнатып, ақуызға несепнәр енгізген. Несепнәр өз кезегінде затты сұйық күйге қайтарып, ақуызды ыдыратады. Процестің осы кезеңінде ақуыз бөлшектері бір-бірімен әлі жапсырылған қалпында болғандықтан, ғалымдар затты құйын тәріздес құрылғыға салады. Бұл құрылғы ақуыздың жеке бөлшектерін жеңіл салмаққа келтіру арқылы ақуызды бастапқы құрылысына, яғни сұйық күйіне келтірген.

Ренетурация процесінен өткен жұмыртқаны тағам ретінде қолдану жөнінде тұжырым әлі шықпады. Ғалымдардың айтуы бойынша, ақуыздың алғашқы қалпына келу мүмкіндігінің биотехнология өндірісінде маңызды. Себебі, бұл тәсіл рак ауруына қарсы препараттарды дайындаудағы шығындарды азайтады.

https://www.facebook.com/gylym

117,718 сұрақ
302,744 жауап
153,348 пікір
65,081 қолданушы