Аустроазиаттық тілдер тобы

аустроазиат язык,аустроазиаттық тіл

Таралу аймағы оңтүстік-шығыс Азия (Вьетнам, Таиланд, Камбоджа, Лаос, Бирма, Малайзия, Қытай) мен Үндістанның шығысын қамтитын тілдер тобы. Сөйлеушілері 1990 жылғы санаққа сәйкес, 90 млн адам. Даму деңгейі төмен елдер арасында тараған аустроазматтық тілдер тобының көбінде жазбаса нұсқасы жоқ. XVII ғасырда алғаш рет сипаттама алған «тілдерді» ХХ ғасырда зерттеуді қолына алып, аумағы мен құрылымдық ұқсастығына қарай топтастырған В. Шмид болатын. Аталған туыстық тілдер өз ішінде 3 топқа бөлінетін 150 тіл кіреді: мунда, мон-кхмер, никобар.

1. Мунда тілдері Махараштра мен Мадхья-Прадеш, Бихар мен Орисса штаттарында тараған. корку тілдерінде сөйлеушілер саны – 200 мың, сантали тілінде – 4 млн, мундариде – 750 мың, хо тілінде – 400 мың адам. Оған қоса, сора, джурай және горум тілдері бар, сөйлеушілер саны 200 мыңнан жоғары. Ал, сөйлеушлері 47 мыңнан асатын гутоб және әрқайсында 2500 сөйлеуші бар ремо және бонда тілдері осы топқа жатады.

2. Мон-кхмер тілдері аустроазиат тілдерінің басым бөлігін қамтиды. Өз ішінде өте күрделі құрылымға ие, әрі ұқсастықтары алыс, алайда туыстас болғандықтан 10 топқа жіктеледі. Оның ішінде, кхаси тобы (Үндістан), кхмер, мон тілдері және ньякурлік қатынас әрқайсы бөлек тілдер тобы. Ал, пеар тобына таралу аумағы Камбожда мен Таиланд секілді чонг, самре, пеар тілдері жатады. Бахнар тобына стиенг (30 мың адам сөйлейді), чрау (20 мың адам), мнонг диалектісі (50 мың адам), срэ (80 мың адам) тілдері кіреді. Оған қоса, куа(15 мың адам), алак пен халак, ньяхын, брао, джру, ловен, тарианг тілдерінің ұқсастығы төмен. Катуй тобындағы тілдер тобы Вьетнам, Лаос және Таиландты қамтиды.

3. Никобар тобындағы тілдерді Үндістандағы Никобар аралдарындағы байырғы үндіс халқы қалыптастырған. Құрамына кар (13 мың адам сөйлейді), човра (1500), тересса, нанкаури (13 мың адам), оңтүстік никобарлық (2000 адам), шомпен (100-ден аз) секілді тілдер кіреді.

Қызықты деректер 5.03.2015 жариялады
116,264 сұрақ
295,192 жауап
152,913 пікір
61,078 қолданушы