Поэзия 12.01.2015 жариялады

Өлеңімді өртейтұғын жандыра,

Көрсетпек боп шығып тұрмын алдыңа.

Шиелілік, орта жүзден Жұбатхан

Қатарыңда ақын ұлың бар мына.

 

Айта алмаймын биіктерде тұр есімім,

Универде әлі ашпаған мың есігім.

Сырдың салқын самалын сезінетін,

Әйтеуір «таза ауаның иесімін».

 

Студенттік өмір бізге қиын сын,

Шыдау керек езсін, мейлі қуырсын.

Бітіргенде біздер білдей мамандық

Еліміздің бір тұтқасы бұйырсын.

 

Патриоттар универдің сапында әлі,

Сондықтан да мақсатқа жақындады.

Жастарымен біздердей мақтанады,

ҚызМУ-ымыз Қорқыт ата атындағы.

 

Өлеңіммен бар студент мені ұғады,

Бастағам жоқ мұның да соңын әлі.

Арасына салып тұрып елу минут,

Соғады қуаныштың қоңырауы.

 

Жайлаған жоқ ешкімді пәлендей   мұң,

Әрбір корпус өзінше бір әлемдей мың.

Кереметтей кезеңді пайдаланып,

«Негізгі» корпусыма сәлем деймін.

 

Таразыға түсер енді бар ісім,

Көрермін де ғұмырымның барысын.

Студенттер атынан бұл дауысым,

Танитын жұрт Жұбатханын танысын.

 

 

Негізгі корпус

«Тарих, құқық және экономика» факультеті

«Экономикалық теория және мемлекеттік басқару» кафедрасы

СР-14-1 оқу тобы

«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 1-курс студенті

Нұрғалиев Жұбатхан

117,697 сұрақ
302,624 жауап
153,347 пікір
65,044 қолданушы