Компьютерлер туралы 5.03.2015 жариялады

Қазір әрбір үйдегі интернет жарықтың болуындай қарапайым құбылысқа айналды. Бірақ адамзатқа бұл аз және прогресс өзінің қозғалысын жылдан жылға арттырып келеді. Технологияның қарқынды дамуын нейрожелілер жұмысынан байқауға болады.

Гарвард университетінің ғалымдары қарапайым идеяны Үндістаннан Францияға жіберу мүмкіндігін алды. Сандық технологиялар негізінде «1» -ді жіберу үшін жіберуші қолын қозғады, ал «0»-ді жіберу үшін аяғын көтерді. Бұл ақпарат оның миынан электроэнцефалограф арқылы алынды. Жіберуші миынан алынған ақпарат интернет арқылы Франциядағы үш қабылдаушыға жеткізілді. Тәжірибеде электромагниттік индукцияны пайдаланып, хабарлама алушыларда ми қыртысына визуалды стимул әсерінен олар да еріксіз қол мен аяқтарын қозғалта бастаған. Ғалымдар алынған ақпараттар негізінде жұмыстарын жетілдіру үстінде. Сонымен бірге дрондарды ой күшімен басқару бағытында жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр. Ұзақ қашықтыққа ұша алатын дрондарды ми импульстері арқылы басқару мүмкіншілігі туды.

117,188 сұрақ
299,285 жауап
153,127 пікір
63,710 қолданушы