Сарысу (сыворотка) терапиясы, Беринг серотерапиясы

«Сарысу (сыворотка) терапиясы және оны дифтерия ауруына қарсы қолданғаны, медицинада жаңа бағыттар ашқаны» үшін ең алғашқы физилогия және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығын алған неміс бактериологы - Эмиль Адольф фон Беринг(1901жыл). Дифтерия Corynebacterium diphtheriae ( Лефллер бацилласы) бактериясы – инфекциялық ауру. Сарысу ойлап табылмағанға дейін, аурудан жазылған адам болмаған.

1890 жылы Беринг және жапондық ассистенті Сибасабуро Китасато екеуі жануарларға тәжірибе жасау барысында, дифтерия ауруынан қайтыс болған адам денелерін зерттеу арқылы ауруға қарсы антитоксинді ойлап тапты. 1891 жылы дифтериялық антитоксин ең алғаш адамға егілді. Антитоксин дифтериядан көз жұматын адам санын 35%-дан 5%-ға дейін азайтты. Мыңдаған балалардың өмірін сақтап қалуы, Берингтің жылдам әйгілі болуына ықпал жасады. 1890 жылы дифтерия антитоксиніне ұқсас сілеспе токсиніне қарсы сарысу ойлап табылды. Ол сарысу бірінші дүниежүзілік соғыс уақытында көптеген жараланған жауынгерлерге көмегін тигізді. Осылайша, Беринг медицина саласында серотерапия деген жаңа бағыт ашты.

https://www.facebook.com/gylym

Салауатты өмір салты 5.03.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы