Олимп букмерлік кеңсесі кімге тиесілі?

олимп

Ресми органдардың ақпарына сәйкес, бүгінде Қазақстанда жұмысын жүргізіп отырған букмекерлік конторлардың жылдық минималды ақша айналымы 30 млрд теңге шамасында. Таза табыстары 10-15%-ды құрайды.

2007 жылдан 2013 жылға дейін букмекерлік конторлардан ел бюджетіне 3,2 млрд теңге салық түскен. (Мысалы, 2004 жылы 43,8 млн теңге салық түсім болса, 2013 жылы бұл көрсеткіш 1,5 млрд теңгеге өскен)

Салыстыра қарайтын болсақ, осы нарықтағы жалпы ақша айналымының қоры - 650 млрд АҚШ долларына тең. Оның 240 млрд $-ы - АҚШ-қа тиесілі болса, Ресейдің еншісінде 500 млн $.

Айтпақшы, букмекерлік контор, не тотализатор ашу үшін 640 АЕК (1 268 480 теңге) көлемінде лицензиялық алым төлеу керек. Бұған қоса, міндетті қор ретінде: букмекерлік конторлар үшін - 20 000 АЕК (39 640 000 теңге), тотализаторлар үшін – 5 000 АЕК (9 910 000 теңге) мөлшеріндегі қаржымен қамтамасыз етілуі міндетті.

Ай сайынғы салық төлемі: букмекерлік конторлар үшін - 275 АЕК (148 650 теңге), тотализаторлар үшін – 125 АЕК (247 750 теңге)

Olimp.kz букмекерлік конторының иесі ретінде ресми құжаттарда "Букмекерская контора "Olimp.kz" ЖШС-і көрсетілген. Бұл ЖШС-нің құрылтайшылары - Жауыровтар отбасы: Анарбек Орақұлы, Жәнібек Орақұлы және Ғалия Әбдіназарұлы. 
Контораны Олег Григораш басқарады.
Бұл контордың Алматыда – 116 , Астанада – 101, Шымкентте – 56 "нүктесі" бар.

Олимп конторасының интернеттегі жұмысына Черногорияда орналасқан E-Gambling Montenegro d.o.o тарапынан лицензия берілген. (с)

Жәнібек Нұрыш

Бизнес, Идеялар 5.03.2015 жариялады
116,264 сұрақ
295,192 жауап
152,913 пікір
61,078 қолданушы