ҰБТ ережесі.Керек болады

Ұлттық бірыңғай тестілеу – оқушылар үшін өміріндегі ең қиын сынақтардың бірі. ҰБТ–ны жылына бір рет қана тапсыруға болады. Осыған орай оқушылар барлық мүмкіндікті пайдалану мақсатында өзімен бірге шпаргалка, ұялы телефон және т.б. жабдықтар алып кіруді жөн көреді.

Дәл қазір ҰБТ–да қатаң тәртіп орнатылған. Оқушыларды металл іздейтін құралмен тексеріп, ұялы байланысты сөндіргіш пен бейнебақылау қояды.

Ал қолдануға болатын және болмайтын заттар тізімі қандай?

ҰБТ–ға кірген кезде қолдануға тыйым салынатын заттар:

♦ калькулятор;

♦ фотоаппарат;

♦ пейджер, ұялы телефон, планшет сынды байланыстырғыш құралдар;

♦ ноутбук;

♦ электронды кітапша;

♦ плеер;

♦ ақпарат беретін материалдар;

♦ ақпарат беретін анықтамалар;

♦ шпаргалка;

♦ шимай дәптер.

Алайда таңдау пәні химия болған оқушылар өзімен бірге Менделеев пен тұздың еру кестесін алып кіре алады. Аталған заттарды аудиторияда мүлдем дерлік пайдалануға болмайды.

Қандай әрекеттер жасауға тыйым салынады?

♦ сөйлесу;

♦ орнынан тұру;

♦ жүру;

♦ аудиториядан рұқсатсыз шығу;

♦ орын ауыстыру;

♦ кез келген материалмен алмасу;

♦ кітапшаны ауыстыру;

♦ көшіру;

♦ тестің алдын ала берілген кілтін пайдалануға болмайды.

Тәртіпті бұзушылар аудиториядан шығарылып, жауап парағы қабылданбайды. Мұнымен қатар, жауап парағын бояу барысында ескеретін бірнеше ереже бар:

♦ түзетуге арналған сұйықтықты пайдалануға;

♦ көк немесе қара түсті қаламнан өзгесін қолдануға (қызыл, жасыл және т.б.);

♦ қауырсын, гель қаламмен жазуға;

♦ қарындашпен бояуға;

♦ жауап парағын бүктеп, жыртуға тыйым салынады.

Өзімізбен бірге ҰБТ–ға қандай заттар алып кіруге болады?

♦ су;

♦ көк немесе қара түсті қалам;

♦ сызғыш;

♦ қарындаш (бірақ оны жауап парағын бояу үшін пайдалануға болмайды);

ҰБТ–ға нені алып кіруге міндеттіміз?

♦ ҰБТ–ға жіберу парағы;

♦ төлқұжат;

♦ қара немесе көк түсті қалам.
Қызықты деректер 5.03.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы