Белгісіз Поэзия 2.03.2015 жариялады

Сүюді бақыт дейтіннің бәрі, әліде сүйіп көрмеген!


Сүйіп те тұрып, сүйікті болып,
Сетінеп жаным,шерленем,
Сүюді бақыт дейтіннің бәрі,
Әлі де сүйіп көрмеген.


Адасып барып, таласып-талып,
Сүрініп, сосын, ес кірді.
Адамның нағыз бақытты шағы-
Сүймеген кезі ешкімді.


Жылынып барып, жұлынып-жарып,
Жүрек көзінен жас тамад.
Махаббат оты тұтанған күннен,
Бақытсыздықтар басталад.


Көрінбес көзге елесті қуып,
Көңілді, сосын, бір демдер.
Адамның бәрі сүйіскен сәттен,
Бақытын іздеп жүргендер.


Санасы әбден ескірген деме,
Санама жасық,пасыққа.
Бақытты болғың, келсе егер, досым,
Сүюге онда асықпа.


Адастым дей бер,адамның бәрі,
Бақытқа сендей асыққан.
Бақыттымын деп айтпайды бірақ,
Себебі, олар ғашықтар.


Өзімде тұтқын, шыға алмай келем,
Жүректей жұқа бөлмеден.
Сүюді бақыт дейтіннің бәрі,
Әліде сүйіп көрмеген!
М. Мақатаев

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!

1 пікір

Грамматикалық қате- сүюді бақыт дейтіннің бәрі .

117,188 сұрақ
299,285 жауап
153,127 пікір
63,710 қолданушы