Исламда арды қорғау басты міндет... [сұрақ жабық]

Қазақ қызы-қара көз қарындасым.
Сен менің ойымдасың, жанымдасың.
Мені дурыс түсінші өтінемін.
Жаман оймен, жан дүниең жаңылмасын.
Бірің апам,ал бірің қарындасым.
Жас ғұмырың жаңарсын, жалындасын.
Саған айтар адамдық ақылымды.
Өзге қыздар өнеге деп қабылдасын.
Ендеше айтар болсам сөздің басын.
Жан дуниенді сайтан-су қор қылмасын.
Алыс жолда адасып журген қыздар.
Бұл жырымды ғайбаттап сөз қылмасын.
Өз бағын күтіп жүрген қарындасқа.
Өзгенің байы келіп сор болмасын.
Арам ойлап араны ашылғандар.
Сеніңде үй жағыңды жол қылмасын.
Қарындасым құлақ сал қара мұнда.
Сөзінде бәтуә бар ағаның да.
Исламда арды қорғау басты міндет.
Құдай сөзі болса егер де хабарыңда.
Еліктесең ес-түссіз европаға.
Уланып қалғаны онда сананың да.
Жастайынан жалаңаш жүргендердің.
Болашағы бұлыңғыр нала-мұңда.
Кешегі қазақ қызы, бүгінгі ана.
Қайтейін босқа сөзбен шығындала.
Нәтижесін күтемін босқа айтпаймын.
Қарындасым журсе егер тілімді ала.
Тырнақ өсті, боялды бет-әлпетің.
Шаш боядың бетіңді сан әрледің.
Тәніңнің жаңарғаны кімге керек.
Байқамасаң жаныңның көнергенін.
Қиып тастап қор қылма қолаң шашты.
Көрінбеші ел көзіне боп албасты.
Еріңнің разылығын ойлап жүрші.
Қияметте сұралатын ең алғашқы.

Ағаңның тілін алсаң тәрбиемен.
Сәби үні шықсын деймін ар-бір үйден.
Адамның жары болшы Аллаһ сүйген.
Анасы бол Ғалымның халқы суйген

Ізбасар Бексултан
Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!
Ақ парақтағы ойлар 1.03.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы