Елді мекендер 28.02.2015 жариялады

Бүгінде сәулеті мен дәулеті жарасып тұрған, белді қаламыз, беделді қаламыз Қарағандыға 80 жылдан асты. Сонау 1934 жылы қала атанған Қарағанды, әуелі кенді орындарымен, қара көмір шахталарымен мәшһүр болды. Сондан соң, Алладан кейінгі адам жанының арашасы болатын дәрігерлерді тәрбиелейтін медициналық академиямен атағымыз одан әрі асқақтап қалды. Одан беріде академик Бөкетовтың ерен еңбегі сіңген Қарағанды мемлекеттік университетінің бүгінгі дәрежесі неге тұрады. Бірақ, менің айтпағым Қарағанды облысының бейнелеу және қолданбалы сән өнері жайлы болмақ. Қаламызда бой көтерген белгілі тұлғалардың ескерткіштеріне тоқталсақ.
Жезқазған бағытынан келе жатқан күре жол бойында тума дарын иесі, Қасым ақын ескерткіші қарсы алады, қала әкімдігінің жанында Бұқар жырау бабамыздың ескерткіші қойлған. «Шалқыма» концерт залы жанында Абай ескерткіші, облыс әкімдігінің қарсысында Қаздауысты Қазыбек бидің мүсіні асқақтап тұр. қаламызға қай бағыттан келсеңіз де бәрібір, алдымен сізді қарсы алатын теміржол вогзалы маңына қойлған Қаныш Сәтбаев ескерткіші.
Сонымен, тарихқа біраз көз жүгіртсек. Көмірді алғаш тапқан Аппақ Байжановқа арналған есерткіш 1999 жылдың тамыз айнда облыстық тарихи-өлкетану мұражайының жанындағы алаңда ашылды.
Академик Е.А. Бөкетов ескерткіші 2006 жылы академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің бас ғимаратының кіре берісінде орнатылған. Ескерткіштің авторлары – ҚР Суретшілер одағының мүшесі, «Достық» орденінің иегері А. Билык және Сәулетшілер одағының мүшесі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты С. Мордвинцев. Бөкетовтың мүсіні қызыл граниттен жасалған тұғырда орналасқан. Мүсін қоладан құйылған. Тұғыры қызыл граниттен жасалған. Е. Бөкетов ескерткішін тұрғызу туралы шешімді көрнекті ғалымның 80-жылдығына байланысты ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен республиканың ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссиясы қабылдаған болатын. Е.А. Бөкетов ескерткішінің құрылысы азаматтардың рухани-білімділік және интеллектуалдық-мәдени деңгейін арттыруға; өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге жәрдемдеседі.
Бұқар жырау ақын, жырау, қазақтың көрнекті өкілі, Абылай ханның бас кеңесшісі. Көптеген туындылары толғау жанрына жатады. Поэзиялық мұрасын Ж. Көпеев, Г. Потанин, Ш. Уәлиханов, М. Әуезов, С. Сейфуллин және т.б. зерттеген. Ұлы ақынның бейнесі ұлылық пен ішкі күш-жігердің дұрыс берілуімен ерекшеленеді.
Социалистік Еңбек Ері, Балқаш мыс қорыту зауытының алғашқы салушысы, Қарағанды құрылысшысы В.И. Язев бюсті – мүсінші батырдың мінез-құлқын сәтті көрсете білген. Мүсінші, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР Суретшілер одағының мүшесі А.П. Билык. Ескерткіш қола құймадан құйылып, тұғыры қызыл түсті тақталармен қойылған.
Ғабиден Мұстафин бюсті, көрнекті қазақ жазушысы, туғанын 100-жыл толуына орай орындалған. Бюст шынайылық мәнерде орындалған, мүсіншілер жазушының ой үстіндегі сәтін бейнелеуге бар күштерін жұмсаған. Мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Т.Т. Ермеков, М.О. Сыдықов. Сәулетші, ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі В.А. Троценко.
Мәрмәрден құйылған мүсін Бюст бетон — материалды ескере отырып, классикалық мәнерде жасалған. Ұлы ақынның бейнесі ұлылық пен ішкі қуаттың дұрыс берілуімен ерекшеленеді. Мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Ж.И. Қалиев.
Ал, Қ.Сәтбаевтң ескерткіші жайлы не білеміз?! Ескерткіш салтанатты түрде қазақтың көрнекті геолог-ғалымы, Кеңестің Шығыстың тұңғыш Академигі, Республикалық ғылым академиясының негізін салушы және алғашқы президенті, геология ғылымдарын және Ұлы Отан соғысы жылдарында Отанымыздың қорғаныс қабілеттілігін арттыруда үлкен роль атқарған Үлкен Жезқазған кен орындарындағы мыс кенін өндірістік игеруді ұйымдастырушы Қ.И. Сәтбаевтың 100-жылдық мерейтойына орай ашылған. Бюст қоладан құйылған, тұғыры мәрмәр тақтаданжасалған.
Әбдіров ескерткіші, Қарағандының Н. Әбдіров даңғылда 1958 ж. орнатылған. Мүсіншілер: А.П. Билык, Ю.В. Гуммель, архитектор Л.Е. Воробьев. Монументтің жалпы биіктігі 9 м. Шойыннан кұйылған мүсіннің түғыры мәрмәр. Ескерткіш Кеңес Одағының Батыры Н. Әбдіровтің мүсіндік бейнесін мәңгі есте қалдыруға арналған. Өлім мен өмір арпалысы, бостандық үшін өлімге бас тіккен мәрт шешім, жауына қыранша сорғалаған қазақтың батыр ұлының қаһарлы қабағынан айқын аңғарылады. Ескерткіштің өн бойы ширыққан куат, шалт қимылға толы. Н. Әбдіров ескерткіші калаға көрікті сипат берумен бірге, отансүйгіштікке тәрбиелеуде үлкен рөл атқарды.
Сәндік композиция қазақ халқының жанының, оның туған жеріне деген махаббатының белгісі ретіндегі стильденген музыкалық аспап «Қобыздан» тұрады. Сәулетші ҚР Сәулетшілер одағының мүшесі В.А. Троценко, мүсінші ҚР Суретшілер одағының мүшесі М.А. Қалқабаев. Ескерткіш қоладан дайындалған, тұғыры сұр гранит.
«Сүйінші» атты фигуралық композициядан, тұғырға орнатылған, шеңбер құрайтын және стеланың тұғырын жиектейтін жұлдызнамалық белгілерден тұрады, алаңның қақ ортасында гранит бағана орналасқан, оған Жер Кіндігі белгісі қойылған. Авторлық ұжым – сәулетшілер ҚР Сәулетшілер одағының мүшелері Г. Баймырза, Е. Шахиев, К. Жанәбілов. Мүсінші ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Комсомол Ленині сыйлығының лауреаты Ж. Молдабаев, мүсінші А. Молдабаев. Фигура – салт атты, ат – құйма, қола, 12 жұлдызнама белгісі бейнеленген. Міне біздің әсем қаламыздың сәулет өнеріне аз ғана шолу жасап өттім. Одан өзге де ерекше әсем жерлеріміз жетерлік.

 

1 пікір

Халқы да сондай доброжелательный әдемі қала) Караганде образцовый порядок высокой культуре)
117,644 сұрақ
302,103 жауап
153,341 пікір
64,842 қолданушы