Əрі өтірік, əрі рас [сұрақ жабық]

Белгісіз Поэзия 27.02.2015 жариялады

Газет оқып отырып мына бір өлең жолдарына көзім түсті. Керемет жазылған өлең екен. Сіздермен бөліскенді жөн көрдім.

Əрі өтірік, əрі рас
Автор: Талғат Мықи

Ақын едім ашынғаннан жаны мас, 
Тегі маған тегін бақыт дарымас.
Рас, саған қатты жыным келіп жүр,
Бірақ қатты сүйетінім тағы рас!

Жан секілді жалғандыққа жаны қас, 
Ару ма едің өз бақытын танымас. 
Рас, мүлде сені көргім келмейді, 
Ал түсімде көретінім тағы рас!

Мең зең болып əрі жүрек, əрі бас, 
Сүйген пенде сүйіктіге жарымас...
Рас, сені ойлағымда келмейді, 
Бірақ кеше сағынғаным тағы рас!

Арманыңа жетер жолды арып аш, 
Жеткен адам нақақ жылап, налымас. 
Саған бола қия алмаймын жанымды, 
Сенсіз өмір сүре алмаймын... тағы рас!

Жанарыңнан кеппей тұрып əлі жас, 
Бұл жырымның мазмұны мен мəнін аш.
Бəрі өтірік əр үшінші жолымның,
Ал төртінші жолдарымның бəрі рас.

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!

2 пікір

Мықты! Поэзия. Рақмет сізге. көптен бері мұндай өлең оқымап ем. Көбірек ұнаған жері:

"Арманыңа жетер жолды арып аш,  
Жеткен адам нақақ жылап, налымас.  
Саған бола қия алмаймын жанымды,  
Сенсіз өмір сүре алмаймын... тағы рас!

Жанарыңнан кеппей тұрып əлі жас,  
Бұл жырымның мазмұны мен мəнін аш.
Бəрі өтірік əр үшінші жолымның,
Ал төртінші жолдарымның бəрі рас."
Сізге рахмет)) əр жазған блогымды уақытыңызды қиып оқып, өз пікіріңізді қалдырып жатқаныңыз қуантты))
117,719 сұрақ
302,745 жауап
153,348 пікір
65,083 қолданушы