Кока кола сусынының пайдасы

1. Егер кастрөлді күйдіріп алған болсаңыз, ішіне Кока-Кола құйып қайнатыңыз. Кастрөліңіз көз алдыңызда жаңарады.

2. Кез келген суретті ескі етіп көрсетуге болады. Ол үшін суретті Кока-Колаға аз ғана батырып, кептіру қажет. Бірақ суретті толықтай суландырмаған жөн, əйтпесе құртылады.

3. Шаш бояуын кетіреді. Байқаусызда өзіңіз қаламаған түске шашыңызды бояп қойсаңыз Кока-Кола арқылы кетіріңіз.

4. Ескі тиындарды Кока-Колаға салатын болсаңыз, олар жарқырап шыға келеді.

5. Шəйнектің ішіне Кока-Кола құйып, оны бір күнге қалдырыңыз. Қақ толығымен кетеді.

6. Унитазды да Кока-Коланың көмегімен тазартуға болады.

7. Тұздыққа 1:1 есебінде Кока-Кола араластырып, артынша оны етке қосып дайындауыңызға болады. Өте дəмді!

8. Кока-кола шашқа арналған ең үздік кондиционерлердің бірі. Алдымен шашыңызды Кока-Колаға жуып, артынша кептіріңіз.

10. Шырышты ұлулар Кока-Коланың иісін жақсы көреді. Оны осы жəндіктерден құтылу мақсатында қолдануыңызға болады. 

11. Асыл бұйымдарды тазартуға болады. Бірақ тастары жоқ бұйымдарды ғана тазалаған жөн. 

12. Бір қызығы, Кока-Кола асқазан ауруларына көмектеседі екен. Тек газы жоғын пайдаланған жөн. Мысалы, ұзақ жолда жүрек айныған кезде Кока-Коланың газын шығарып ішетін болсақ, жүрегіңіздің айнығаны бірден басылады.

Пайдалы кеңестер 27.02.2015 жариялады

2 пікір

"10. Шырышты ұлулар Кока-Коланың иісін жақсы көреді. Оны осы жəндіктерден құтылу мақсатында қолдануыңызға болады." Осы жері түсініксіздеу екен. Жалпы жақсы.
Көлігімді тазалағанда дөңгелегінің покрышкасын осы кока колаға малынған шүберекпен сүртсем жаңа кезіндегідей жарқырап шыға келеді.)
116,477 сұрақ
295,938 жауап
152,990 пікір
61,684 қолданушы