Су астындағы ең үлкен мүсін [сұрақ жабық]

Ағылшын мүсіншісі Джейсон Тэйлор Багам аралындағы Нассау жағасындағы қыздың мүсінін жасап, оны теңіздің түбіне ескерткіш етіп орнатқан. Бұл мүсін дəл қазіргі кезде əлемдегі ең үлкен су асты мүсіні болып табылады. Теңіз зерттеушілері мен саяхаттаушылары арнайы теңіз киімдерін киіп, біраз уақыт бұл мүсінді тамашалай алады.

Бүйіріне басын қойып отырған қызды бейнелейтін мүсін "Атлант мұхиты" деген атауға ие жəне жалпы салмағы 60 тонна, ал биіктігі - 5,5 метр. Мүсіншінің ойынша, бұл мүсін - грек мифтерінде кездесетін алып əйелдің нұсқасы. Бірақ ерте кездегі Атланттан айырмашылығы, иығына көк күмбез емес, мұхит суын ұстап тұрады. Судың ішіндегі мүсін өз көлемінен қарағанда əлдеқайда үлкен болып көрінеді. Автордың айтуынша мүсін экологиялық қауіпсіз материалдан жасалған, тағы бір ерекшелігі, мүсін теңіз астындағы маржандар мен өзге де флоралардың өсуіне еш қауып тудырмайды. Ол 2006 жылы Кариб теңізіндегі Гренада жағалауында əлемде бірінші болып су асты саябағын, сонымен қатар Канкунде Үндемейтін эволюция деп аталатын ең үлкен су асты мұражайын құрды.

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!
Қызықты деректер 27.02.2015 жариялады

1 пікір

Әдемі жазба!
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы