"Шертпе күйдің шебері"

Қарағанды облыстық Н.В. Гоголь атындағы ғылыми әмбебап кітапханасында шертпе күйдің шебері болған Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш болып өтті.  ҚР Журналистер Одағының және облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Нәзипа Асқар, Тәттімбет Қазанғапұлының ұрпағы, ҚР суретшілер Одағының мүшесі, ҚР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші Айбек Қаленұлы Бегалин, сондай-ақ, тума талант, Тәттімбет атындағы ұлт аспаптар оркестрінің жетекші домбырашысы болған Қабдұлқұмар Кәріпбеков ағаларымыз кештің құрметті қонағы болды. Аталмыш шарада Тәттімбет Қазанғапұлының өмірбаяны мен күйлерінің шығу тарихы жайлы сөз болды. Қазақтың осынау ұлы өнері тек қазақ даласында ғана емес шет елдерде де танылып үлгерген. Оған дәлел, франсуз тарихшысы Алез Гзавье Тәттімбеттің шығармалары мен өмірбаяны жайлы жазылған диск пен кітапті жарыққа шығарып, 2010 жылы арнайы Қазақстанға ат басын тіреп, Қабдұлқұмар Кәріпбеков ағамызға сыйға тартқан. Бұл жайлы телеарналар мен мерзімді басылымдарда сөз болған еді.

Тәттімбет Қазанғапұлының 40-тан астам күйі бар. Кеш қонақтары мен жиналған қауымға Тәттімбет атындағы өнер колледжінің мұғалімі мен студенттерінің орындауында, күйшінің "Қос басар", "Көкейкесті", "Былқылдақ" сынды күйлері орындалып, ұсынылды.. Рухани азық алған, аталмыш кештің соңында Тәттімбеттің шығармашылығы мен күйшілік өнері жайында зеттеліп жазылған кітаптар көрмесі ұсынылды. Аудитрияға бағытталға викториналық сауалдар қойылып, пікір алмасумен, осы шараға белсене қатысқан қатысушыларды марапттаумен кеш өз мәрісіне жетті.

Қазақтың бар тарихын, басынан өткен қиын қыстау кездері мен қуанышты сәттерін, бар болмысын бойына сыидырып жандүниеңді алай-дүлей ететін қасиет, ерекше өнері бар, ол - күй өнері. Күй атасы Құрманғазы болса, Тәттімбет Қазанғапұлы - шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушы, ұлы күйші-композитор, домбырашы, күй өнерінің асқақ шыңдарының бірі.

Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жылғыныа арналған әдеби-музыкалық кештен фоторепортаж.

Іс-шара | Пресс-релиз 27.02.2015 жариялады

4 пікір

Керемет. Үлкен рахмет. Өте керемет фоторепортаж.
Рақмет! )))
Жақсы фотолар екен. Гоголя атындағы деген дұрыс емес.
Рақмет! Ескердім.
116,035 сұрақ
294,369 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы