Ешбір адам түсінбейді жан дүниемнің айқайын. [сұрақ жабық]

Жалғыз анам,
Сенсің панам.
Өзіңдей дос таппадым,
Жанарыңнан тұнып тұрған
Мұң-наламды байқадым!

Кімге құшақ жайып едім,
Кімдер мені итерді?
Сенгіш жүрек
Алжасты ма?
Дос тұтынды бөтенді.

Мама, сенің ақ шашыңа
Айналайын мен бүгін.
Жүрегіңнен орын берші,
Өмірімді берейін.

Алғыс айтам, мама саған
Кем қылмадың ешкімнен.
Есім кіріп танығаннан,
Сені көріп өстім мен.

Қара тұнық көздерімді,
Жасқа малып жылаймын.
Сен мұңайма,
Тағдырымның бар сынына шыдаймын.

Басыма іс түскен сәтте,
Кім ұсынды қолдарын?
Періштем-ау, қасымдағы
Өзің ғана қолдадың.

Айта алмаған мама саған
Іште тұнған сырым көп.
Ғашық болып қалғандаймын,
Махаббаттың құлы боп.

Білесің бе?
Мама менің әділетсіз жүрегім.
Сүймегенді, сүйемін де
Күйіп-жанып жүремін.
Қызғаныштан лаулаймын да,
Бықсып тұрар өзегім.

Ақыл айтшы,
Бұл жалғанда
Кімге сенім артайын?
Ешбір адам түсінбейді
Жан дүниемнің айқайын.

Жарты ғасыр өткеріпсің,
Елуге де, таяпсың.
Өміріңнің әр минутын,
Ұл, қызыңа арнапсың.
Түн ұйқыңды төрт бөлуші ең,
Мен шыр ете қалғанда,
Сірә, сендей жүрегі кең
Бұл әлемде жан бар ма?

Дұға тілеп, осы кеште
Ата-тұғын таңдарда.
Ей, адамзат сенім артпа
Мынау, бес күн жалғанға.
Пенде деген әлсіз екен,
Өз тағдыры алдында.
Берер ақыл, айтар кеңес,
Ақ жолыңнан жаңылма.
Ана деген - құдірет қой,
Баға жетпес қазына...

Бір үзінді әлдиіңнең,
Айтып берші анашым,
Сол  оралмас балалықтың,
Аралайын қаласын.
Сірә, жүрек толқын болып, ақтарылса сырларым
Аяғыңа басым қойып, өксіп-өксіп жылайын.

Сен айтушы ең,
-"Мынау,  әлем әділдіктен жаралған"
Бірақ, мама шаршағанмын
Әділетсіз жандардан.
Кей сәттерде, безінемін,
Бал татитын жалғаннан.
Көкейімде қалатындай
Орындалмай бір арман!

Шапағаттың сәулесіне, мейірімге шөлдедім.
Кім көрінсе, балалықта - сол бақытты дер едім.
Сағынтады, сол баяғы ауылдағы күйбеңім.
Мынау, қала тұрмысына көндіге алмай келемін.

Білуші-мең?
Кей адамдар, сыйлағанды білмейді,
Мүлік үшін өз анасын,
Өз бауырын жерлейді.
Сүрінсең де, жыласаң да,
Көре тұра, көрмейді.
Тылсым сезім жоғалуда,
Ғажапқа да, сенбейді!

Көзі ашық, көңілі көр,
Адамдар-ай, адамдар!
Жаны бар да, өз тілі жоқ,
Табиғатқа қараңдар.
Өтіп жатқан әр секундты,
Ғанибетке балаңдар!

Аман жүрсін, жүз жасасын,
Ақ жаулықты аналар!
Есептеулі білсең егер,
Баса-тұғын қадамдар
Алда талай баса-тұғын,
Тарам-тарам жолдар бар.
Қадірін біл,
Бәріңнің де, жүрегіңде налаң бар.
-Білемісің?
Бүгін бармыз,
Ертең жоқпыз адамдар.
Басқа қонған бақытты да
Бар әлемді сыйлаңдар!

Автор: Аяшева Гүләсия.

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!
Поэзия 26.02.2015 жариялады

5 пікір

Керемет!!!
Неткен өлең!Тамаша!
Айтпақ ойы бар. Бірақ ешқандай заңдылыққа бағынбайды. Қазіргі тілмен айтқандай "реп" жанрына келеді екен.
өте керемет!!!!    маған ұнады
Сондай керемет,адамға ой салатын өлең екен!)
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,092 қолданушы