Сутек газын шығаратын бактерия анықталды

сутек газы

Миссурий ғылым мен техника университетінің ғалымы экстремалдық жағдайда өмір сүріп, сутек газын бөлетін бактерияны ашты. Биолог Мелани Мормайль «Halanaerobium hydrogeninformans» бактериясын Вашингтон штатындағы Soap lake (суретте) өзеніндерінде тапты. Микроскопиялық организм "экстремофил" (экстремалды температура, қышқылдық, негіздік және жоғары химиялық концентрация жағдайларында өмір сүретін микроорганизм) болып табылады. Тәжірибелер нәтижесінен, бактерия негіздік және тұзды ортада сутек газын генетикалық модификацияланған организмдермен бірдей көлемде шығара алатыны белгілі болды.

Сонымен қатар, бактерия 1,3 - пропандиол органикалық қосылысын шығара алады. Бұл қосылыс өнеркәсіптік өнімдерді, оның ішінде желім, қатпарлы материалдар мен текстураларды, дайындауда кеңінен қолданылады. Ғалым «Halanaerobium hydrogeninformans» бактериясын сол аймақтағы өзендердегі экстремофилдерді зерттеу барысында кездейсоқ тапқан.

Қызықты деректер 26.02.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы