Сұрақ-Жауап сайты 26.02.2015 жариялады

Құрметті Сұрақ-жауап сайтының қолданушылары! Менің бұл сайтқа тіркелгеніме сондай көп уақыт бола қойған жоқ. Бұл сайт мені несімен қызықтыра алды деген сауалды өзіме қойып көрдім.

Мен күннен күнге осы сайтта көбірек уақыт өткізгім келеді. Себебі, басқа сайттардан ерекшелігі әрі сұрақ қойып жауап ала аласың, жауап бере аласың, сонмен қатар ойыңда жүрген тақырыпта кеңінен жазып, блог жүргізе аласың. Мен мұнымен не айтпақпын?! Блог жазу жүйесі іске қосылғалы көп уақыт өткен жоқ. Дей тұрғанмен біраз блогтың жазылып, біраз тақырыптың талқыға түскенін көзіміз көрді. Сайттағы белсенділікті арттыру үшін болмашы сауалдар қойып, өз құнымызды түсіргенше, әр сауалға тұшымды, әр блогқа наным жауап пен ой-пікір қалдырсақ, біз әрі балл жинаймыз, әрі бір-бірімізді жазбамыздан танитын дәрежеге жетеміз. Шүкір, қазір интернет қол жетімді. Телефонмен сауал жолдаушыларды да білеміз. Бірақ, барынша сауатты болуға тырысайықшы. Әрі-беріден соң, біздің туған тіліміз. Өз тіліміздегі, өз қаріптеріміз "жетім баланың" күйін кешіп жүрген сияқты көрінеді кейде. Түсінем, көпшілігі "Ң" мен "Н" әріптерін шатастырып жатады. Оған кешіріммен қарау керек шығар. Бірақ кешіріммен қарайды деп, түзетусіз қалса тағы болмайды. "Ел болам десең, бесігіңді түзе, үй болам десең есігіңді түзе" - дейді, біздің қазақ. Әрине, онсызда айта-айта сөлі шыққан тіл мәселесін қозғау ойымда жоқ. Дегенмен, мен туған тілімді, елімді сүйем. Сондақтан, өз жерімде жүріп "өгейдің" күйін кешкім келмейді. Сіздердің де, Отан десе шығар жандарыңыздың бөлек екенін білем. Бірақ кез келген күрделіні қарапайымға, қарапайымды күрделіге айналдыруға болады. Елге ақыл айтқанда, бәріміздің дана, ақылгөй боп кететініміз тағы бар. Біреуге ақыл айтар алдында, әуелі өзіңде сынап көр деген ұстанымда өмір сүрем. Сонда, бәрі өз орнында болатындай көрінеді.

  Менің мақсатым, осы жазба арқылы балл жинау, не болмаса сіздерге ақыл айту, тіл мәселесін көтеріп қалу емес. Сауатты болайық. Тыныс белгісін қоюдағы кететін қателіктерді айтпаймын, мақаладағы логикалық қателіктермен, "Қ" орнына "к", "Ғ" орнына "г", "Ң" орнына "н", "І" орнына "и,й", ал "Ә" орнына "а" әріптері кетіп жатады. Қазақ тіліне жаныңыз ашыса ерінбей өзіміздің төл қаріптерімізді қолдансаңыздар екен. 

Оны жазған сізге ыңғайлы, оқырман боп отырған бізге ыңғайлы. Осылай бір-бірімізден көріп-біліп үйренбесек, бізге үйреніңдер деп ешкім бермейді. Тағы бір айта кететін дүние, егер белгілі бір ақын-жазушының, не бір ғұламаның сөзін, әйтпесе, мақал-мәтелдерді қолдану барысында сақ болсаңыздар екен. Себебі, сіз өзгертіп жазған дүние ертең сақталып қалауы, кері бағытта қызмет жауауы ғажап емес. Сол себепті барынша түп нұсқаны қолдануға тырысайық. Ертең не боларын ешкім білмейді. 

Араларыңызда жас жағынан менен үлкен, менен кіші жандар болса артық кеткен жерлерім үшін кешірім өтінем!

Блог жазу жайлы тағы бір айтарым, ешкім мәліметті көктен алмайды. Бәріміз де оқимыз, көреміз. Егер, бір сайттан қызық дүиені көріп онымен бөліскіңіз келсе, міндетті түрде қай сайт екенін атап өтіңіз. Себебі "гуглға" жазғанда, сұрақ-жауап сайтында бар дүниелер де шығады. Авторлық құқық жайлы білетін шығарсыздар. Қалаберді бір-біріміздің жазғандарымызды қарап пікір қалдырып отыруды әдетке айналдырсақ екен деген тілек. Ұнаса ұнағанын, ұнамаса ұнамағанын айтып, жіберген қателіктері болса, шектен шықпай ескертіп отруға тырыссақ. Осылай қателікпен күрессек екен. Ойларыңыз болса жазып қалдырыңыздар.

7 пікір

айтқаныңыз дұрыс. Бірақ пернетақтаның кесірінен де кетіп жататын жағдайлар болады. Мен де көбінесе осындай қателер. Жəне сауаттылық туралы жазып отырып өзіңіз де өз жазбаңыздағы қателерге назар аударыңыз.
Дұрыс. Сізбен келісем. Адам өз қателігін көрмей қалады. Ал пернетақтадан мен де жиі қателесіп жатам. Бірақ сол қателікті келесі жолы жасамауғы тырысам.)))
Дұрыс айтылған)

Сіздің айтып отырған пікіріңізбен толық келісемін.

Осыдан 4 жыл бұрын Сұрақ-Жауап сайты ашылғанда негізгі мақсаттарының бірі қолданушылар осы қазақша әріптермен жазса екен ниеті болатын. Себебі МайлАгенттің кезінде көп қолданушы қазақша әріптерді қолданбай Калайсын? Калай жагдай? Нестепватсын? деп жазу өрнегі қылжылтқан болатын. 

Тиісінше сайттың ересінде граматикалық дұрыс, қазақша әріптерді қолданып қазақша жазу міндетті түрде сайт ережесіне енді. Соның арқасында көптеген қолданушылар қазақша әріптермен жазып, дұрысталынып жөнге келді.

Кезінде мотиваторлар сайында мынадай қызық мотивациялық сурет келіп түскен болатын. :)

Дұрыс айтылған!Мен де жауап жазғанда или вообще деген сөздерді қолданбауға тырысам, және үнемі қазақша әріптерді қолданамын .Ана жолғы блогта жіберген қатемді өзім де байқамай қалдым, кешірім сұраймын!
Қызық екен... "Біткен іске сыншы көп" - дейді біздің қазақ.
Ия, негізі сізге қаратып айтылған екен.
117,838 сұрақ
303,690 жауап
153,362 пікір
65,504 қолданушы