Белгісіз Пайдалы кеңестер 26.02.2015 жариялады

Бүгінде қаңғыбас ит - қоғамның өткір мəселесіне айналды. Қашан да халқымыз қадірлеп, жеті қазынаның біріне балаған иттеріміздің қадірі қашып, құты кеткен сияқты. Себебі қала көшелері, ойын алаңқайлары, қала берді демалыс орындары қаңғыбас иттердің қонысы іспеттес.

Енді ит қауып алған жағдайда не істеу керек? Соған тоқталамыз.

Егер ойда-жоқта сізді немесе тынысыңызды ит қауып алса, онда міндетті түрде жараны кір сабынмен жуып, йод қышқылын жағу керек. Ал абзалы, дəрігерге барып қаралу. Дəрігер жараңызды таңып, қажетті дəрумендер егеді. Содан соң емханаға тіркеуге алынасыз. Бірінші дəрі ит қапқан күні, одан соң үш күн өткеннен кейін егіледі. Сосын үшінші  бір апта уақыттан соң салынады. Сол аралықта сізді қапқан итті мамандар тексеріп, құтырған-құтырмағанын анықтайды. Егер ондай аурудың нысаны байқалмаса, дəрі егу тоқтатылады. Ал ит табылмай жатса, не болмаса аурудың нысаны байқалса 3 ай бойы дəрігердің қарауында боласыз. Құтырма ауруы иттердің сілекейі арқылы тарайды. Бұл ауру екі жылға дейін ағзада сақталады. Сондықтан ондай ауруға шалдыққан адамдар бірден біле алмайды.

Сұрақтың жабылу себебі: Ешқайсысың ашушы болмаңдар!
117,331 сұрақ
300,282 жауап
153,152 пікір
64,013 қолданушы