Күшік күйеу жайында бір жазба.

Кеңес үкіметі орнамай тұрып ақ қазақтар арасында күшік күйеулер болған. Күшік күйеулер көбіне тұрмысы нашар, кедей, ағайын-туғансыз жетім жігіттерден, не болмаса елге басқа рудан сіңіскен кірме жігіттерден болған. Ол кезде қазіргідей ата-ана батасын алмай рұқсатсыз үй болу жоқ уақыт болғандықтан, негізі күшік күйеу қылу ұсынысы қыз ата-анасынан болған. Ұл балалары жоқ, жалғыз қызы бойжетіп отырған ата-ана жаңағыдай өз күшімен қалыңдық төлеуге шамасы жоқ, болмаса арқа сүйегі жоқ жетім, кірме жігіттерді сөз салып,қыздарын беріп қолдарына кіргізіп алатын болған. Бұл жігіттер үшін үлкен намыс болғанымен жоқшылық қолын байлаған байғұстар амалсыз барған ондайға. Күшік күйеулер Кеңес дәуірінде де бірен-саран кездесіп қалатын болған. Ал енді еліміз егемендік алғалы бері осы бір жаман үрдіс көбейіп кеткен тәрізді. Қазір осы бір жағдайды көп кездестіремін, оған қысылып-қымтырылған жітітті де (күшік күйеуді), ыңғайсызданған ата-енесін де байқамаймын. Алда — жалда, «Оу, алтындай-алтындай ұлдарыңыз бар бұларыңыз қалай, күйеу баланы қолда ұстап?»- дей қалсыңыз еш қымсынбастан, «Балалар келіндердің айтқанынан шыға алмайды, ал күйеу бала байғұс айтқаныңның бәріне елпілдеп тұрады, әрі ата-анаға ұлдан қыз жақын екен»- деп қоятындары да бар. Әсіресе байшікеш саудагерлер, жоғарылау қызметтегі шенеуніктердің күйеу балалары осындай күшік күйеу қатарын толтыруда сияқты. Сонда қалай болғаны, ол күйеу баланың ата-анасы келін жұмсап, баласының нанын жесе болмай ма, әлде ол күйеу балада намыс жоқ па? «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді», «Арым жанымның садағасы»- дейтін қазағымның жігіттері күнін күйттеу үшін күйкентай тірлікке барып, қайын жұрттың күліне дейін сыпыратын болып бара ма жандарым-ау? Қазақтық ұлттық намысымыз,»Ит тойған жеріне, ер туған жеріне»- деген тәрбиеміз қайда қалды? Ойланбасақ бір күндері өкінеміз ау осы.

Қазақ салт-дәстүрлері 25.02.2015 жариялады

4 пікір

Мұның бәрлығы жауапкершiлiктен қашқандықтан...
Сөзіңіздің жаны бар.Дегенмен, ойландыратын бірнеше мәселелер бар. Мысалы, бір үйде барлығы қыз балалар болады делік, Ол қыздардың барлығы тұрмыс құрады, сонда ұлымыз жоқ деп, ата-ана бір қызының қолына барып тұрса, ол күйеу бала да күшік күйеу бола ма?Егер қыздың ата -анасы күйеу балаларының мерейін асырып отырса, үйдің иесі кім екенін біліп отырса, онда тұрған не бар?Немесе, үйленген екі жастың өз үйлері болмаса, қыздың әке шешесінің үйінде уақытша тұра тұрса, қыздың әке шешесі оларға көмектессе бұл да күшік күйеудің кейпі ме?Бала екі жақтікі де, ата - ана ортақ.Түсінемін, кейбіреулері шын мәнінде қыздың ата - анасына масыл болып, түк шаруа істемей жүрсе, қыздың ата - анасының ақшасын алып шіреніп үйде жатса, ондай адамды күшік күйеу деп айтуға болады, бірақ қыздың ата - анасының үйінде тұрып, өздеріне бөлек үй алуға ақша жинап жүрсе, жұмыс істеп, тырысып тырмысса, онда ондай адамды күшік күйеу деген жарамайды.Намыс намыспен, бірақ күн көріс тағы бар, сондықтан босқа намыстанғанша, көмек қолын созса, бас тартып не керегі бар.
Қандай мақсатпен, қандай жоспармен болса да қайын атасының шаңырағында жүрген жігіт күшік күйеу деп аталады. Мейлі ол ғұлама болсын мейлі ол қайыршы болсын, күшік күйеу деген ат стстусына қарай емес, кіріп отырған орнына қарай аталған, оның басқа анықтамасы болмаған, болмайды да. Ал небір сылтау тауып қазақтың тәртібін, салт - дәстүрін жоққа шығарғысы кегендердікі жай ғана ездік. Ал енді Ата-Енесіне қарайтын ұлдары болмай  немесе болғанда да ол ұл қарауға шамасы жоқ болғандықтан, күйеу баласы ата-енесін өз қолына, өз үйіне алып, әлпештеп қарап отырса онда ол жігіт күшік күйеу емес "Алтын күйеу" болғаны. Ол сол күйеу баланың текті, тәрбиелі ортадан шыққанын көрсетеді. Үлкенді сыйлау, оның ішінде жаныңдағы қосағыңның әке - шешесін силау ол үлкен адамгершілік қасиет.
Жақсы жазба. Осы жазбеғе қарап екі ұдай ойда отырмын.
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы