Scroll lock пернесі

Клавиш қой :))

Scroll lock пернесі (орыс. Клавиша Scroll Lock; ағылш. Scroll Lock key) — пернетақтаның жоғарғы қатардағы қызметтік пернелердің оң жақ шетінде орналасқан экранды айналдыруды болдырмау (Scroll Lock) пернесі. Бұл перне жұмысы программамен анықталады. Мысалы, Scroll Lock пернесі басылып, жарықша шам жанып түрғанда, бағыттауыш жебелік пернелерді басу — меңзерді тұрақтандырып, мәтін жолдарын жылжытады.

Scroll Lock пернесінің жұмысын MS Excel, программасында байқап көруге болады. Бұл пернелер кей програмаларда басқа жұмысқа программаланалады.

SCRLK пернесін басу көптеген бағдарламаларға әсер етпейді. Бірақ кейбір бағдарламаларда оны басу бағыттауыш пернелердің, PAGE UP және PAGE DOWN әрекетін өзгертеді; бұл пернелерді басу белгіленген фрагмент немесе курсор қалпын өзгертпестен құжатты айналдыру мүмкіндігін береді. Пернетақтада бұл перненің қосып/өшірілуі түстік индикатормен көрсетіледі.

 

Интернет қолданушы үшін 25.02.2015 жариялады
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы