Студенттер жайлы әзілдер

Мемлекеттік комиссия мүшесі диплом тапсырып тұрып:
-Пықып Асабасұлы, сіз қызметке сонау түкпірдегі "Шағыл" атты кұмды ауылға баратын болдыңыз,-десе студент:
-Мүмкін емес, деканымыз ылғи маған "Мына оқуыңмен алысқа бармайсың" деуші еді.

 

Студент экзаменге келіпті.Мұғалімнің столына бір коробка конфет қойыпты.Мұғалім:
-Жақсы, үш.
Студент бір коробка торт шығарғанда.Мұғалім:
-Жақсы, төрт.
Содан кейін студент қымбат бір қалам шығарғанда:
-Жақсы, бес, зачеткаңызды беріңіз -депті де, сол ручкамен бағасын қойып беріпті.Студент стөлге қойған барлық затты қайтып жинап алып:
-Жақсы, енді барып физикамды қойдырып, алайын-деп кетіп қалыпты.

 

Университеттегі асхана.Бір студент келіп 3 сосиска алыпты. Сонда аспазшы: "Бауырым, сен бүгін байсың ғой: 3 сосиска алдың?"-десе студент: "Және де 14 шанышқы беріңіз" депті.

 

Бір студент магазинге кіріп: "Маған ештеңе беріңізші"-депті.
Сонда сатушы бұның ештеңе алмайтынын біліп "бар" дей салыпты.
Сөйтсе студент: Содан маған 1кг беріңізші депті.
Сатушы түсінбей қалады.
Ойланып-ойланып тұрып: "Көзіңді жұм" депті.
Студент: Жұмдым!
Сатушы: Не көріп тұрсың?
Студент: Ештеңе!
Сатушы: Ооо міне содан 1кг тартып ала бер,- деген екен!

 

Студент асханаға келеді. Аш, ақша жоқ. Қараса, бір үстелде еркек газет оқып отыр, алдында бір тостақ сорпа. Студент қасына отырысымен, тостақтағы сорпаны алып іше бастайды. Түбіне дейін ішіп қараса, сұмдық ...., қайызғақты шаштарға тола кір тарақ жатыр. Студент көргеніне шыдай алмағандықтан ішкенінің барлығын тостаққа қайтадан құсып жібереді. Еркек газеттен басын көтеріп, былай дейді:
- Не, сенде тарақты көрдің бе?

Қызықты деректер 25.02.2015 жариялады

4 пікір

Ұтымды әзілдер. Тек соңғысын есепке алмағанда)))
Неге? Қайта соңғысы қызықтырақ қой? :))

Не, сенде тарақты көрдің бе?

Қақа ішегім)) 

Осы соңғы әзілді естігенде қанша уақыт күлдіңіз екен? )))
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы