Қызықты сұрақтар

  1. Адам кімнің немесе ненің алдында бас киімін шешеді? 
  2. Адам кімнің немесе ненің алдында қандай жағдайда еңкейеді?
  3. Төртбұрыш үстелдің бір бұрышын кесіп тастағанда қанша бұрышы қалады? 
  4. Ағашта 10 торғай отырған болатын. Аңшы 3-еуін атып алды. Ағашта қанша торғай қалды?
  5. Жауын жауғанда кімнің шашына мүлдем су тимейді? 
  6. Жауыннан соң қарға қандай ағашқа қонады?
  7. Інің бір жерде отыр. Ол тұрып кеткен жағдайда сен оның орнына отыра алмайсың. Сонда ол қай жерде отыр? 
  8. Сен допты лақтырдың. Қандай жағдайда доп ештеңеге соғылмай, ештеңеге тимей өзіңе қайтып келеді? 
  9. Ішіп алған ер адам үйіне қайтып бара жатыр. Ол құмды, төбелері өкп, ауыл арасындағы жолмен келеді. Жолға айдың жарығы түсіп тұрған жоқ, оған қоса жол бойында ешқандай шам да жоқ. Ер адам қара киімде еді. Кенетте жолда жарығы (фары) жағылмаған көлік шығады. Ең соңғы сәтті көлік жүргізушісі ер адамды көріп, бұрылып кетеді. Жүргізуші оны қалай көрді? 
  10. Құрлықтағы ең алып жануар неден қорқады?
Қызықты деректер 25.02.2015 жариялады

3 пікір

1. Шаштаразшының алдында

4. 0

5. Шашы жоқ адамның

6. Сулы

7. Алдымда отыр

8. Аспанға

10. Піл тышқаннан
1- сұрақты мен былай естіп едім "хан кімнің алдында тәжін шешеді "деп )
Әр жерде әрқалай)
116,053 сұрақ
294,506 жауап
152,845 пікір
60,451 қолданушы