Сексеуіл - табиғат сыйы

Құм сексеуілі

Сексеуiл —діңі  мен  бұтақтары бұралыңқы боп келетін, құмды жерлерде өсетін, шөлге төзімді, морт  сынатын  қатты ағаш тұқымдас бұта.

Қазақстанның оңтүстік аймақтарында таралған.

Сексеуіл

Сексеуіл – даланың байлығы, жайылымдық қоры. Оның топырақ қорғау қасиеттері бар.  Оңтүстік аймақтардағы елдімекендерді қорғап, құмдарды көшірмей ұстап тұратын да сол. 

Қазақстанның оңтүстік өңірінде қалың, жуан ағашты отқа жақпайды. Алматы маңайы мен Оңтүстік Қазақстан аймағындағы халықтар түгелімен сексеуіл жарады. Сексеуілді бұтауға ара мен өткір балтаның керегі жоқ, қолға түскен қарумен ұсатуға болады. Оны бұтау оңай, әрі тез бітеді.

 

Сексеуіл жануда

Алғашқыда, ертеректегі қазақ ауылдарында жай ғана тамызық ретінде пайдаланған. Кейіннен нарық заманында көмір бағасы қымбаттағанда, сексеуіл таза отын ретінде айналымға түсті. Сатушылар, сатып алушылар көбейді. Бұрын ауыл жанында өсетін бұта тектілерді қазір 50-60 шақырым алыс жерлерден ғана көруге болады. Заңмен тыйым салынса да сексеуіл саудасы тоқталмай отыр.

Сексеуіл - отын

Жыңғылды балтамен шауып алатын болса, ал сексеуілді қатты томармен отындық сексеуілді ұрып сындырып дайындайды. Жыңғыл мен сексеуілді күздің аяғында, қыстың басында мол етіп жинайды. Басқа уақытта жинаса құмдағы тіршілік иелеріне обал деп ырымдайды. Қураған ағаш, сынып түскен бұтақты тереді. Ыңғайлылығы да сонда. Сексеуілді бұтау оңай.

Сексеуіл сатылымы

Сексеуіл "Қызыл кітапқа"  енгізілген, оны қорғау үшін көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Сексеуіл қолмен отырғызу да жүзеге асып жатыр. 

Орманшыдан тығылып, "Сенде жазық жоқ, менде отын жоқ" деп сеңгір сексеуілді шаба бермей, оны сарқылатынын ескерейік!

Пайдалы кеңестер 25.02.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,461 қолданушы