Армияға бару - борышың

Қазақстан армиясы

Армия кісіні ұқыптылыққа, мәдениеттілікке, тәртіптілікке үйретеді. Армия адамды қайта жасайды. Жай қарапайым адамнан Отан күзетшісін, қамқоршысын жасайды. Неше түрлі керексіз қасиеттері бар адамдар да армияға келеді, олардан жауынгер дайындау оңай жұмыс емес.

Табиғат адамға екі аяқты жүру үшін берсе де, шаршамаудың әдісін жұрттың бәрі біле бермейді. Жүруді үйрену армияда керекті нәрсе. Сондықтан әскерлер қайда барса да саппен жүреді. Мұнда біріншіден ұйымшылдыққа үйретсе, екіншіден саппен жүруді үйретеді.

Адамдар бір-біріне қандай ұқсас болмаса, мінездері де сондай ұқсамайды. Осындай адамдарды бір семьяда тәрбиелеп, дос, жолдас етіп өсіру оңай жұмыс емес. Жас баланы жасынан үйретуге болады. Қатын-баласы бар немесе жастықтың отын алып қашып жүргендерден жауынгер тәрбиелеу оңай болсын ба? Қазақ жасына, Қазақстан жауынгеріне тек өзін-өзі алып жүру аз, қайта біреуді үйретіп, тәрбиелеп жүру керек. Ал мұндай тұлға болу үшін армия-ең басты көмекші құрал. 

 

Баубек Бұлқышев. "Заман біздікі" кітабынан.

Мен ҚАЗАҚПЫН! 25.02.2015 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,090 қолданушы