Сапер - әмбебап сарбаздар

Саперлер

Армияда әскердің бірнеше түрі бар. Мысалы, атты әскер, жаяу әскер, танкистер, ұшқыштар,  артиллеристер, т.с.с. Солар сияқты саперлер инженерлік әскерге жатады. Танкі жүргізушіні танкист десе,  армияда инженерлік қызметті атқарушыларды саперлер дейді.

Саперлердің міндеті-соғыс уақытында біздің ауыр артиллерия, танкілер,  бүкіл әскер жүретін  үлкен жол салу, көпір салу, жаудың біздің әскер жүре алмасын деп жасаған кедергілерін құрту,  пехотаға окопты қалай қазуды үйрету, сонымен қатар, жау жүре алмас үшін оның жүретін көпірін қирату, жолын бұзу, мина салу, темір сымнан жасалған жаудың кедергі торларын қырқу, барлық амалдармен жаяу әскерге жол салу, жолдарды тазарту.

Саперлер салған көпір

Тіпті сапердің соғыс уақытында орны басқа. Сапер болу үшін мылтық ата білу керек, оған қара күш те керек, ептілік те керек, мықты нервісі, болат жүрегі болуы керек. Өйткені сапер  ұрысқа бірінші түседі де, шегінетін жағдайда ең соңынан шегінеді.

Сапердің құрал-саймандарына күрек, балта, ара, балға, қайла, тіпті қайшы да бола береді.

Саперлерді «әмбебап әскерлер» деуге де болды. Саперлердің араласпайтын жері жоқ, ешқашан керексіз болмайды. «Сапердің қолы алтын»,-деп сөйлеп тұрады шинель кигендердің көбі-ақ.

Саперлер қызметте

Саперлердің мақалы бар:  «Сапер бір-ақ рет қателеседі, сол қатесіне жауап береді.»

Ұлы Отан соғысы кезінде саперлерге үлкен міндет жүктелген еді. Жапондармен, финдармен болған соңғы соғыстар саперлердің рөлінің зор екенін, сапердің қатардағы әскерлермен бірге әрі шешуші, әрі жауапты орында екендігін көрсетті. 

Саперлер мина орнатуда

Сондықтан, оқырмандар, саперлерді тек минамен жұмыс істеушілер ретінде емес, әмбебап сарбаздар ретінде көз алдымызға келтіре білейік.

Негізі мамандық 25.02.2015 жариялады
116,025 сұрақ
294,324 жауап
152,839 пікір
60,310 қолданушы