Сүйемін деп неге ғана айттың сен...

Дала - тұман,
Тұншығамын, 
Ауыр – үн,
Домалайды көз алдымда тары күн...
Жұбата алмай жүрегімді жылаған
Жүдеп кеттім, 
Жылусыз қап, 
Арыдым.


Бақыт деген бар ма еді?
Ұқпадым,
Жанарымның кермек жасы – 
Жұтқаным.
Тұрмын үнсіз қалтыраумен, 
Шеріммен,
...Жаз көңілі, 
Жүрегіме жұқпадың.


Күресе алмай
Көне жолда қайғыммен,
Ана әлемге құшағымды жайдым кең
Кірпігімнен мұң үземін бұл ғасыр
Сүйемін деп неге ғана айттың сен?!

Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.

Поэзия 10.01.2015 жариялады
116,249 сұрақ
295,169 жауап
152,911 пікір
61,061 қолданушы