Поэзия 10.01.2015 жариялады

Дала - тұман,
Тұншығамын, 
Ауыр – үн,
Домалайды көз алдымда тары күн...
Жұбата алмай жүрегімді жылаған
Жүдеп кеттім, 
Жылусыз қап, 
Арыдым.


Бақыт деген бар ма еді?
Ұқпадым,
Жанарымның кермек жасы – 
Жұтқаным.
Тұрмын үнсіз қалтыраумен, 
Шеріммен,
...Жаз көңілі, 
Жүрегіме жұқпадың.


Күресе алмай
Көне жолда қайғыммен,
Ана әлемге құшағымды жайдым кең
Кірпігімнен мұң үземін бұл ғасыр
Сүйемін деп неге ғана айттың сен?!

Жұлдыз БЕЙСЕКОВА.

117,188 сұрақ
299,293 жауап
153,132 пікір
63,698 қолданушы