Жер жаннаты - Сычуан

Сычуан түні

Жан-жақтан шам жанады.Гаочан храмы үстіндегі жарқ-жұрқ  етіп нұрлана жанған бір шам  көз ұшынан көрінген теңіз маягы тәрізденеді. Алыстан  Сычуан тауы мен Сычуан өзені қол бұлғап тұрғандай болады. Бұл көріністі тек қана жер жаннаты-Сычуанға байланысты айтылған.

Шіркін, жер жаннаты Сычуан!

Тау басында

Тау секілді алыстан қарауытқан Пудун қаласы Хуанпі өзенінен шығысқа қарай орналасқан. Уся шатқалынан көркем жер бұл дүниеде бар ма екен? Өзеннің екі жағы жақпарлы, құзды жартастар. Кейбір жерлерде бұларды семсермен  тіліп түсірген тәрізді. Құздардың ұшар басы  бұлтты құшып жоғалып жатыр. Шатқалмен пароход жүзіп келе жатқанда, өзің орасан үлкен көлде жүзіп келе жатқандай боласың, айнала биік құздар асқақтап шөгіп жатады. Әрбір бұрылыс сайын табиғаттың ғажайып көріністері шыға береді. Құздың басына қарағысы келген жолаушыларға бастарын кекшите шалқайтып, тақиялары түсіп кетпес үшін қолдарымен ұстауына тура келеді.

Шіркін, жер жаннаты Сычуан!

Қиял тауы

Көне заманның  ақындары осы тауларды мекен еткен,  біресе сіркіреген жаңбырға, біресе мұнарлы шарбы бұлтқа айналып кететін, ай десе аузы, күн десе көзі бар әдемі сұлуларды жырға қосыпты. Мұның өзі бүтіндей бір қиялдың жемісі болғанмен де, алайда мынадай табиғат көрінісінің  ішінде отырған адамдарға әлдеқандай бір ғажайып күш бар болып көрінетін.

Шіркін, жер жаннаты Сычуан!

Сычуань ормандары

Сычуанның батыс жақ бөлігінде жан баспаған тау, ну орман бар. Ол жерге барып өмір сүрген адам Адам ата мен Хауа ананың ұрпақтары былғап кеткен мына жұмыр жердің бетінде өзінің ертегідей ғажайып дүниесін жасағандай болады.

Эх, шіркін, жер жаннаты-Сычуан-ай!

Сычуан

Сычуан

Сычуан

Сурет алынған бетке сілтеме. С.Қанатованың "Құл жүрегі" кітабынан.

Әлемге саяхат 25.02.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,369 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы