Қытайдағы аспан денелерінің тұтылуы

Тұтылу

...Күннің немесе  айдың тұтылуын ертедегі Қытайда бір адам айтқысыз бақытсыздыққа жориды екен. Тағат үйлерінде қоңырау соғылып, барабан қағылады. Естияр адамдар балаларға үйлердің қабырғасын ұрғызады. Адамдарға аспан төбеті күнді немесе ай сәулесін жұтып жатқандай көрінген, сондықтан да оны қуып жіберу үшін қым-қуыт шу көтерген.

Көк төбеті жайлы аңыз Қытайда көне заманнан бері келеді. Көне кітаптарда жер құдыреттісі барабаншы және патша қызметшілерінің меңгерушісі Чжоулық церемониймейстері «Көктем мен күз» кезінде Күн мен Айды құтқарып қалғаны үшін князьдық атақ алғандығы жайлы айтылған. Ал патша сарайының меңгерушісі Күн мен Айды құтқарып қалу үшін садақ пен жебені даяр ұстайды екен.

Гу Ляннің хроникасында бір жолы күнді патшаның өзі аман алып қалды делініп жазылыпты. Бұл үшін ол бес жауынгермен патшаның сарай қызметшісін барабан алдына қоюды бұйырыпты.

Ғылыми атағы бар мемлекет қайраткерлері қақпаларды тарсылдатып қағулары қажет, ал әлі ғылыми атақты алмағандар таяқшаны таяқшаға соғыстыруы керек екен. Сөйтіп, Күнді, Айды құтқарып қалу ғұрпы көне заманнан келе жатқанға ұқсайды.

Осы тәрізді аңыз Солтүстік Европа халықтарында да бар көрінеді. Олардағы аңызға қарағанда: Көкте Хати және Манагарам атты екі қасқыр болады екен. Біріншісі Күнді, екіншісі Айды жұтып қоймақ. Бұларды да қым-қуыт айқай шығарып үркіту керек екен.

Ғылыми көзқарас тұрғысынан  мұның өзі баяғы жоққа сенушілік болады. Айдың тұтылуы Жердің жүрісінен болатынын жақсы білеміз. Алайда аспан төбеттерінің бар екендігін қалайша бекер дей аламыз? Бүгінде Жер бетіндегі жан иесінің бәрі хатилар мен манагарамдарға айналып кетті емес пе? Олар тек Күн мен Айға ғана шабуыл жасап жатқан жоқ, сонымен қатар бір-бірінің күре тамырын қиып жіберуге әзір отыр ғой!..

 

С.Қанатова. "Құл жүрегі" кітабы

Қызықты деректер 25.02.2015 жариялады
116,054 сұрақ
294,517 жауап
152,845 пікір
60,459 қолданушы