Ел естімеген екі әзіл

Қожанасыр

Қожанасыр әфенді  пісе бастаған тарысы торғайдан қорғау үшін, көйлегін  ағашқа іліп, қарақшы жасаған екен. Ертеңіне барса боз көйлекті шұрқ шұрқ оқ тескен. Әфенді жағасын ұстап, тәубе етіпті. «Жасаған ай, мынау көйлектің ішінде өзім болмағанма шүкір!»

Наполеон

Наполеон аласа адам болған. Бірде қу тілді генералдарының бірі  әзілмен қағытпақшы болып, «Сіз менің иығымнан ғана келеді екенсіз ау» десе керек. Сонда Наполеон: «Ойдан былай да аласа едің, ал бойыңды теңестіру қиын емес...дәл иықтан шабамын да тастаймын...» депті-мыс.

 

Баубек Бұлқышев. "Заман біздікі" кітабынан

Қызықты деректер 25.02.2015 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,090 қолданушы