Қызықты деректер 24.02.2015 жариялады

днқ

Швейцариялық ғалымдар мыңдаған жылдар бойы ақпаратты ДНҚ-да сақтаудың жолын ойлап тапты. Жаңа технология Angewandte Chemie журналына шықты.

Бұл әдіс бойынша 1 грамм ДНҚ-ға 455 эксабайт ақпаратты жазуға болады. Салыстырма үшін, 2009 жылы әлемдегі барлық сандық деректердің көлемі 800 эксабайтқа жетті. Оған қоса ДНҚ-да ақпараттың сақталуы ұзаққа шыдайды және еш бұзылмайды. Мысалы, 700 мың жыл жасты жылқы сүйегінен өзгеріссіз қалған ДНҚ алынған. Бірақ ғалымдар ұсынған ақпаратты сақтау үшін арнайы жағдайлар қажет.

Цюрихтегі Швейцария федералдық технологиялар институтының ғалымы Роберт Грасс (Robert Grass) және оның әріптестері ДНҚ-да ақпаратты кодтаудың ең қарапайым әдісін қолданды: аденин (А) және цитозин (С) «0» деп қабылданды, ал гуанин (G) және тимин (T) «1» ретінде қабылданды. ДНҚ-ның физикалық өзгерістері жаңа проблемалар тудырмас үшін, ғалымдар танымал қатені түзейтін әдіс – Рид –Соломон кодын (зақымдалған деректерді қалпына келтіру үшін, артық деректер блоктарын құру) қолданды.

Содан кейін, зерттеушілер қазбаларда ДНК сақтау шарттарын қайта жасауға тырысты. Олар кремний диосидінен жасалған микроскопиялық шарлармен қышқылды судан және басқа сыртқы факторлардан жауып тастады. Өздерінің әдістерін тексеру үшін ғалымдар ДНҚ-ға екі құжатты жазды- 1291 жылғы Федеративті Жарғы мен Архимед палимпсесті ( 83 килобайт). Құжаттардың ДНҚ нұсқасын әртүрлі температурада, қартаю процесін модельдеу арқылы 1 апта ұстады.

Ғалымдар тұжырымы бойынша 10 градус Цельсий температурасында ДНҚ ақпараттар орташа екі мың жыл сақталады. Минус 18 градуста (Шпицберген аралындағы Бүкiләлемдiк дән қоймасы температурасы) бұл ДНҚ ақпараттар бірнеше миллион жыл сақталады. Грасс ДНҚ-ға әлемдегі барлық ақпаратты жазғысы келді, бірақ қазіргі технологиялардың дамуымен бұл жоба өте қымбат болмақ. 83 килобайт ақпаратты жазу үшін 1,5 мың доллар қажет болды, ал Wikipedia кодтауы үшін бірнеше миллион болар еді. Бірақ ғалымдар адамзатқа қажетті ақпаратты болашақта сақтау үшін кодтауға болады деп есептейді.

https://www.facebook.com/gylym

117,505 сұрақ
301,256 жауап
153,264 пікір
64,493 қолданушы