Телефонға арналған тоғызқұмалақ ойыны мен домбыра симуляторы жасалды

Алматы тұрғыны ұялы телефонға арналған тоғызқұмалақ ойыны мен домбыра үйрету симуляторын жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Нұржан Төлегенов ойын мен қосымша жасауды хобби деп есептейді. Оның ұялы телефонға арнап жасаған алғашқы ойындарының бірі - Walk the dog аркадасы, бұл ойында шардың үстінде ұшып келе жатқан итті басқару керек. Оны бес мыңнан астам адам жүктеп алды. Жүктегендердің басым бөлігі - шетелдіктер. Ұлттық колориті бар қосымшаны жасауды оған қарындасы өтінген. Қарындасы мектеп оқушыларына арналған тоғызқұмалақ ойынын жасау туралы ой айтқан. Төлегенов бұл ойынды екі айда жасап шықты. Өзінің айтуынша, бұл іспен ол жұмыстан бос уақытында айналысыпты. Ойынды Android және iOS платформасында жұмыс істейтін смартфондарға жүктеуге болады. Айта кетейік, Google Play-де қосымша 20 мың рет орнатылған. Ойынды Google серверін қолдана отырып, желі арқылы ойнауға болады. 

 

Оның соңғы жобаларының бірі - табиғи дауыс шығара алатын домбыра шертіп үйрену симуляторы. Төлегенов барлық музыкалық дыбыстарды өзі жазып алған. Қосымшаны ашқаннан кейін ұялы телефон экранында домбыраның екі ішегін көруге болады. Ішекті тартып, ойнауға болады.

 

Экранның шеткі бөлігінде домбыраның мойыны орналасқан. Қолданушы оларды басып, аккордтарды тере алады. Android қолданушылары бұл бағдарламаны 21 мың рет жүктеген.

Құттықтаймыз! 24.02.2015 жариялады

1 пікір

Міне жаңалық! Енді домбыра симуляторын өзіме жүктеп алмасам ба...))) Тоғыз құмалақ ойнағанды, Домбыра шерткенді жаным жақсы көреді.
116,035 сұрақ
294,371 жауап
152,840 пікір
60,340 қолданушы