Неміс пе, әлде фашист пе?

...Кенет жат дауыстар естілді, Неміс дауысы. Шынымен-ақ қоршауда қалып, тұтқын болғанымыз ба? Жоқ, жарадармен азаптанатын ба еді, атады да кетеді... Өңірімдегі комсомол белгісін көргеннен соң-ақ дәл жүректің тұсынан... 

Үнсіз жатырмын. Әлде кім жүзіме үңіледі. "Комрат, комрат!" Иығымнан шайқады. Шинелімнің өңірін ашып, кеудеме қолын апара берді де, кенет тартып алды. Енді ататын шығар деп ойлағам. Жоқ, шинелімді қайта қымтады да, жүгіре жөнелді. "Капут, капут!"...\

-Сіз осыған сенесіз бе? Атпағаны несі?

-Лениндік идеяны жақтаушылардың бірі шығар...

-Неміс біткен түгел фашист емес қой... Гитлерді жақтамайтын немістер көп-ақ қой...

Бұл - Әбу Сәрсенбаевтың "Батырлардың ізімен" кітабынан оқыған үзіндім. Осыдан соң барып сіздермен осы жайлы бөліссем деген ой келген еді.

Соғыс басталған бойда, дәлірек (немістер) бастаған бойды, КСРО ішіндегі немістерге  қысым жасала бастады. Отан сүйгіш, патриот неміс бауырлар ел қорғау арманымен жүргенде оларды түрмеде не жер асты шахтасында шірітті, қорлады, өлтірулер басталды. Әрине, ел ішінде орыстарға қарсылық көрініс берді, бірақ олар әлсіз еді және "ақырғы тұяқ серпу" ретінде көрінді. Бірақ оларды қырып жіберді. Міне, бұл "немістердің барлығы бірдей фашист" деген ұғымға кереғар - дәлел.

 Гитлер соғысты бастамақшы болып, билік басына келгенде-ақ оның идеясын (арийлік идеяны) қолдамаушылар, бейбіт өмірді жақтаушылар да болды. Олардың жоғарғы шенді әскерилер де болған. Соғысқа дейін Гитлер өміріне жасалған 15 қастандық та осының дәлелі. Яғни, немістердің бәрі бірдей соғысуды қаламаған.

Қасым Қайсеновті білетін боларсыз? Жау тылындағы партизандарға берілген, КСРО үшін адал қызмет еткен немістер жайлы өз еңбектерінде айтқан. Немістер автоколоннасын партизандар қолына алдап әкеліп түсірген, жаудың құпия бөлімдері жайлы мәліметтермен бөліскен талай-талай немістер бар. Фашисттерге қызмет ете жүріп, орыстарды аяй білген, оларға жақсылық көрсеткен немістер де болған. Яғни немістердің қатарында да мейірім дегенді сезінетін жандар болған. Гитлер бәріне бірдей өз идеясын, өзінің құлдық идеологиясын сіңіріп үлгермеген.

Германияның өз ішінде де тұтқындағыларға қаншалықты қинау тәсілдері көрсетілгенін өздеріңіз оқыған боларсыздар. Неміс солдаттарының арасында оларға жасырын тамақ тасығандар, оларға мейіріммен қарап, адам ретінде көмектескендер де болған екен.

Тағы да бір айта кетерлігі, Германияның өз ішіндегі қара халықты да "фашисттер" деп атап, оларды 27 млн адамның өліміне кінәлі көретін адамдар бар. Оларға айтарым, қарапайым немістер де нацист болмаған. Снаряд, жарылғыш заттар істейтін зауыттардағы немістердің кейбіреулері әлгілерге барынша ақау енгізуге тырысыпты. Жерге түссе де жарылмай қалған, жерге түскеннен соң бірнеше секундтан соң жарылатын немесе әуеде жарылып кеткен бомбалар, міне, солардың арқасы.

Сондықтан Германия мен немістерді көз алдына елестеткенде, олар жайлы ой қозғағанда немістер мен фашисттерді шатастырмайық. Немістердің бәрі бірдей фашист емес. Олар тек 70 жыл бұрын болған оқиғаның зардабын әлі күнге дейін тартып келе жатқан ұлт өкілдері.

Өз ойым 23.02.2015 жариялады
116,025 сұрақ
294,324 жауап
152,839 пікір
60,310 қолданушы