Белгісіз Кино 23.02.2015 жариялады
Америкалық Киноакадемия "Оскар 2015" жүлдесінің "Үздік фильм" аталымының иегерін анықтады. Бұл атаққа "Бердмен" фильмі лайық деп шешілді.

"Бердмен" фильмімен "Снайпер", "Балдәурен", ""Гранд Будапешт" қонақүйі", "Имитация ойыны", "Сельма", "Стивен Хокинг әлемі" туындылары бәсекелес болды.

Фильм Америкалық Киноакадемиясының 9 аталымына үміткер болған еді. Солардың ішінен ол 4 аталымды иеленді: "үздік сценарий", "үздік оператор", "үздік режиссер" және "үздік фильм". Бұған дейін "Бердмен" картинасының "Алтын Глобус 2015" жүлдесінің иегері болғанын хабарлаған едік.

Фильмнің актерлік құрамында Эмма Стоун, Наоми Уоттс, Зак Галифианакис, Эдвард Нортон, Майкл Китон, Андреа Райзборо, Эми Райан, Билл Кэмп, Джон Дуглас Рейни, Шейд Руп секілді актерлер бар.

Жүлдені марапаттау рәсімі Лос-Анджелес қаласында орналасқан Dolby Theatre киноорталығында өтті.
118,052 сұрақ
304,461 жауап
153,313 пікір
66,400 қолданушы