Магнитті-резонансты томография (МРТ) деген не?

Магнитті-резонансты томография (МРТ) – бұл күшті магнитті өрісті қолданумен жасалатын зерттеу әдісі. Мұнда сүт бездері күшті магнитті өрісте электромагнитті толқындармен сәулеленеді. Әдіс қағидасы бойынша электромагнитті энергия осап шығып, құрылғы көмегімен жазылып көмпьютерлік өңдеуге ұшырайды. Біраз уақыт бойы ЯМР-томография термині (ядролы-магниттік томография) қолданыста жүрді, 1986 жылы бұл термин адамдарда Чернобль апаты салдарынан пайда болған радиофобиядан кейін «МРТ» деп өзгертілді. Жаңа терминде әдістің «ядролық» табиғаты ескерілмей, бұл күнделікті медициналық тәжірибеге еркін кіруге мүмкіндік берді, алайда әдістің кейде бастапқы атауы да қолданылады.

МРТ жүргізер алдында, дәрегер емделушінің денесінде металл заттардың, мысалы жүрек ырғағын жасанды санаушы, жасанды металл буындарды болу-болмауын тексереді. Мұндай емделушіге МРЗ жасауға тиым салынады. Сондай-ақ, нақты зерттеу емшарасы алдында әйел адам барлық металл заттарды - әшекей-бұйымдарды, темір түмесі бар киімдерін және т.б. шешу қажет.

МРТ ерекше тар цилиндрлі камерада жүргізіледі. Кейбір емделушілердің жабық тар кеңістікте клаустрафобиясы болуы мүмкін. Сондықтан оларға қажетінше седативті құрал беріледі.

Магнитті-резонансты томографияның қызмет қағидасы

Емделуші күшті магниттік өріске орналастырылып, электромагнитті саулелендіру әсеріне ұшырайды. Алынған электромагнитті энергия компьютерде өңделеді. Бұл сүт безін жан-жақты, қатпар-қатпарлы зерттеуге мүмкіндік береді. Магниттік өріс ұлпадан атом түйіршіктерін - протондарды қағып шығарады, ал олар өз кезегінде электромагниттік сәулеленуден жылдамдығын арттырып, сигналдар өндіреді. Бұл сигналдар құрылғыларда қабылданып, әрі қарай компьютерде өңделеді. Нәтижесінде анық сурет жасалып, бұл ұсақ бөлшектерді зерделеуге мүмкіндік береді.

алайда МРТ әдісінің кемшіліктері де бар:

Ең алдымен – бұл аталған зерттеу әдісінің қымбатқа соғуы. Бұл тексеруді жүргізетін жабдық барлық медициналық мекемелерде (тіпті ірі мекемелерде) жоқ.
Сонымен қатар, МРТ-да түсініксіз бейнелер анықталады.;
МРТ сондай-ақ кальцинатарды анықтай алмайды;
Және де МРТ кезінде қолданылатын күшті магнитті өріс пен электромагнитті сәулелену жүрек ырғағын жасанды санаушы тәрізді құрылғыларды зақымдауы мүмкін;

Сондықтан МРТ тексерудің скринингтік әдісі ретінде қолданылуы мүмкін емес.

Магнитті-резонансты томографияның артықшылықтары:

МРТ әйел адамда маммография немесе УДЗ кезінде анықталмайтын, қолмен сезілетін ісікті анықтауға мүмкндік береді;
МРТ сүт безі ұлпаларының жоғары тығыздығы жағдайында патологиялық өзгерістерді анықтауға мүмкндік береді;
МРТ жоғары дәрежелі қаупі бар жас әйелдерге скрининг жүргізуге мүмкндік береді.

Магнитті-резонансты томография артықшылықтары

- Кейде МРТ қолтық лимфа түйіндері ұлғайған әйелдерде дәрігер ісікті қолмен сезіне алмағанда немесе ол маммографиядан көрінбеген жағдайда ісікті табысты анықтайды. Мұндай жағдайда әдетте мастэктомия жасау ұсынылады, бірақ МРТ сүт безіндегі ісіктің нақты орналасуын анықтай алады. Бұл бүкіл безді алып тастауды болдырмайды және кейінгі сәулелік терапия жасай отырып, лампэктомия жасаумен шектейді.

- МРТ қатерлі ісік пайда болған жерді, іргелес аймақтарға таралуын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл оталы емшара такикасын таңдауға әсер етеді, себебі ісіктің таралымдылығы мен көпшоғырлылығы жағдайында мастэктомия ұсынылады. Бұл әсіресе инвазивті лобулярлы карциномасы бар емделушілерге қатысты, себебі қатерлі ісік көбінесе таралымдылық қасиетіне ие болады; - МРТ сүт безінің ішіндегі тыртықты ұлпаларды бағалауға көмектеседі, бұл қайталануды тексеруге лампэктомия жасалу орнын бақылауға мүмкіндік береді.

- МРТ сүт безі имплантатынан иликонның ағып шығуын анықтай алады, себебі тексерудің бұл әдісі силикон сұйықтығын қалыпты ұлпалардан айыруға мүмкіндік береді.

- Сүт безінің метастатикалық қатерлі ісігі жағдайында МРТ емделуші ағзасының басқа мүшелеріндегі метастаздар мен өзгерістерді зерттеуге көмектеседі. Мысалы, емделушінің арқа бөлігінде ауырсынулыр, қол-аяқ әлсіреуі орын алса, бұл қатерлі ісіктің жұлынға метастазалануының белгісі болуы мүмкін және омыртқа жотасына МРТ жасалады. Әр әйел адам сүт безі қатерлі ісігінің ерте диагностикасы маңызын түсінуі қажет, себебі қатерлі ісікті бастапқы кезде анықтау емделуші өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бұл үшін әйел адам сүт безі қатерлі ісігінің үш скринингтік әдісін сақтау қажет:

Жыл сайын 40 жастан кейін маммографиядан өту (қатерлі ісік даму қаупі бар әйелдер ертерек жастан);
Сүт бездерін үнемі дәрігерге тексерту;
Сүт бездерін үнемі өзіндік тексеру;

Сүт безі қатерлі ісігін тексеруде магнитті-резонансты томографияны қолдану жөніндегі жаңа ұсынымдар Келтірілген зерттеуде қатерлі ісік анықталған әйелдердегі басқа сүт безінде қатерлі ісікті тексерудегі МРТ (магнитті-резонансты томография) рөлі көрсетілген. Шамамен 1000 әйелде МРЗ 3% емделушінің басқа сүт безіндегі қатерлі ісікті анықтауға мүмкіндік берді, ал маммография мен клиникалық тексерулер мұндай нәтже берген жоқ.

Осы мәліметтердің негізінде Америкалық қатерлі ісік қоғамы қатерлі ісігі бар әйелдерде зақымданбаған сүт безі МРЗ өткізуді ұсынады. Сондай-ақ, қоғам қатерлі ісік қаупі бар емделушілерге қатерлі ісіктің таралмағанын анқтау үшін екінші сүт безіне МРЗ жасауды ұсынады.

Жыл сайын сүт безі қатерлі ісігі дамуының жоғары дәрежелі қаупі бар емделушілерге МРТ жасау ұсынылады:

егер әйел адамда сүт безі қатерлі ісігінің дамуына жауап беретін ген анықталса (BRCA1 или BRCA2);
егер бұл гендер бірінші дәрежелі туыстарда анықталса (анасы, әпкесі, қызы);
егер әйел адам 10-30 жас аралығында сүт безі аймағында сәуле терапиясын алса;
сүт безі қатерлі ісігінің басқа қауіп факторлары болса.

егер Сізге сүт безі қатерлі ісігі диагнозы қойылса, әдетте әйелдің өзі де, дәрігер де тек зақымданған сүт безіне мән береді. Алайда, тұрақты түрде екінші сүт безін де егжей-тегжейлі тексерген жөн. Бұл емшараның дұрыс әдісін таңдауға көмектеседі. Ерте диагностика Сізге соңғы сатыларда қолданылатын емшараның кейбір түрлерінен құтылуға мүмкіндік береді.

МРТ диагностиканың айтарлықтай сезімтал әдісі болып табылады, және жиі жалған оң нәтижелер беретінін есте сақтаған жөн. Атап айтқанда, 121 зерттелген емделушіде МРТ көмегімен қатерлі ісік анықталған болса, шын мәнінде ол тек 30-да, яғни 25% расталды. Бұл 75% жағдайда қойылған диагноздың расталмағанын білдіреді.

Салауатты өмір салты 23.02.2015 жариялады
116,265 сұрақ
295,203 жауап
152,913 пікір
61,092 қолданушы