Сүт безі обыры сатыларының классификациясы

Классификация ауру дамуының қандай да бір сатысына тән болатын аурудың белгілі бір белгілерін жүйелендіруге көмектеседі. Медицинада, әдетте, әр бір ауру өзінің даму сатылары бойынша топтастырылады. Бұл аурудың болжамын (яғни, оның нәтижесін) жақсырақы анықтауға, оны емдеудің ең үздік жолын таңдауға мүмкіндік береді (себебі емдеутәсілі аурудың сатысына тәуелді болып келеді) және сонымен қатар, классификация барлық дәрігерлерге түсінікті болу үшін аурудың сатыларын сипаттауға мүмкіндік береді.

0 саты

Бұл саты инвазивті емес обырдан тұрады. «Инвазивті емес» термині ісік өзінің пайда болу шегінен шықпағандығын білдіреді. Осындай сүт бездерінің ісіктеріне, мысалы, лобулярлық карцинома in situ немесе ағымдық карционома in situ.

I саты
Бұл саты инвазивті сүт безінің обырынан тұрады. Бұл жағдайда обыр жасушалары көршілес орналасқан тіндерді зақымдайды. Бұл кезде келесі белгілер анықталады:

мөлшері 2 см дейінгі қатерлі ісік;
лимфа түйіндері зақымдалмаған.

II саты 

Бұл сүт безі инвазивті обырының сатысы, бұл ретте мынадай белгілер көрініс алады:

2 см-ден 5 см-ге дейінгі қатерлі ісік;
Қолтықасты бөлігінде лимфа түйіндері ісік жақта зақымданған жердегідей орналасады. Осы жағдайда лимфа түйіндері бір-бірінежабыспаған. Бұл обырдың үшінші сатыға өтпегендігінің белгісі. Бұл ретте сүт безінің қптерлі ісігі кез-келген мөлшерде бола алады.

III саты
Бұл саты А және B кіші сатыларына бөлінеді.

III A сатысы

Бұл келесі белгілермен сипатталатын инвазивті обыр болып табылады:

5 см немесе одан артықсүт безінің қатерлі ісігі;
Лимфа түйіндерінің едәуір үлкеюі. Осы жағдайда лимфа түйіндері бір-біріне астындағы тіндермен жаспырылған.

III B сатысы

Осы сатыда ісік кез-келген мөлшерде бола алады, алайда осы жағдайда ол кеуденің терісіне, кеуденің қабырғасына, не ішкі кеуде лимфа түйіндеріне өтеді. Кеуде обырының ІІІ В сатысы қабынбалы обыр деп аталатын кеуде обырыжағдайлардың 5 – 10 % кездеседі, алайда ол сүт обырының өте күрделі формасы болып табылады. Сүт безі обырының бұл формасының ең ерекше сипаты сүт безі терісінің қызаруы болып табылады. Ол ісікті сипап қарап білгенде терінің басқа бөліктерінен жылырақ болады. Кейде тері апельсин кабығы тәріздес түрге немесе бөртпелер түріне және т.б. өзгереді. Сүт безі бөлігінің толықтай немесе оның бөлігінің қатаюы байқалады. Өте жиі обырдың осы формасын сүт безінің қарапайым қабынуы – маститпен шатастыруға болады.

IV саты

Обырдың осы сатысының өзіне тән белгілеріне мыналар жатады:

Қатерлі ісік кеуде торынан тыс жерлерге, қолтық облысына және ішкі кеуде лимфа түйіндеріне таралады;
Сонымен қатар, қатерлі ісік бұғанаүсті (бұғана үстінде орналасқан) лимфа түйіндеріне, сондай-ақ өкпе, бауыр, сүйектерге және бас миынатаралуы мүмкін.

Осы классификациядан басқа сүт безі обыры ерте және кейінгі сатыларға бөлінеді.

Сүт безі обырының ерте формаларына мыналар жатады:

0 саты;
I саты;
II саты.

Сүт безі обырының одан кейінгі формаларына мыналар жатады:

ІІ саты, егер қатерлі ісік көптеген лимфа түйіндерге өткен жағдайда;
III саты (III A және III B).

Сүт безі обырының кейінгі сатыларынаIV саты жатады. Сонымен қатар, кеуде обыры, басқа да мүшелер мен тіндердің қатерлі ісіктері тәрізді келесі белгілермен сипатталады:

Қатерлі ісіктің мөлшері;
Аймақтық лимфа түйіндеріне де таралуы;
Метастаздардың болуы немесе болмауы.
Осы параметрлерде қатерлі ісіктердің  халықаралық классификациясы TNT негізделген.

Т параметрінің келесі мәндерге ие бола алады:

Тх – ісікті анықтау және оның мөлшерін білу мүмкін емес;
Т0 – бастапқы ісік жоқ;

N параметрі келесі мәндерге ие бола алады:

Nх – аймақтық лимфа түйіндер өлшеуге немесе табуға мүмкін емес;
N0 – аймақтық лимфа түйіндер қатерлі ісікпен зақымданбаған;
N1 – N3 –бұл параметр лимфа түйіндердің мөлшерін, олардың орналасуын және санын сипаттайды.

Параметр М параметрі келесі мәндерге ие бола алады:

Мх – метастаздаранықталаалмайды;
М0 – алысорналасқанметастаздаржоқ;
М1 – алысорналасқанметастаздар бар.
Тis –insituобырын («обыр орнында тұр») білдіреді–яғни, қатерлі ісі оның шегінен тарамайды;
Т1 – Т4 –бұл параметрлер ісіктің мөлшерін және оның көршілес мүшелерге және тіндерге өсу дәрежесін сипаттайды

Салауатты өмір салты 23.02.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы