Сүт безі ауруларының диагностикасы

Сүт безі ауруларының диагностикасы

30 жастан асқан әр әйел адамға жыл сайын сүт бездерінің ультрадыбыстық зерттеуін (УДЗ), маммография (сүт безі рентгені) жасап, маммолог дәрігеріне қаралған жөн. 50 жастан асқан әйел адамдарға мұндай тексеруден жылына екі рет өткен абзал. Ал жасына тәуелсіз барлық әйел адамдар сүт бездері ауруының белгілерін байқаған жағдайа, тексеруден мүмкіндігінше ертерек өтуі қажет.

Осы тактика әр әйел адам үшін қатып қалған ереже болып қалыптасуы тиіс, себебі бұл түрлі қатерсіз және қатерлі сүт безі ауруларын ертеден анықтап, тексеруге мүмкіндік береді, сәйкесінше кейінгі емделу нәтижелерін жақсартады. Мысалы, Жапонияда сүт бездері және басқа да мүшелердегі қатерлі құрылымдардың 90% артығы бастапқы сатыларда анықталады, бұл емшараны ертерек бастауға мүмкіндік беріп, қолайлы нәтижелердің пайызы айтарлықтай жоғары болады (осыдан, атап айтқанда өмір сүру ұзақтығы мен еңбекке жарамдылық жасының ұзақтығы артады). Бұл халықтың мәдениеті мен өз денсаулығына деген қамқорлығына байланысты.

Мастопатия диагностикасы

Зерттеудің қажетті аспаптық әдістері болған жағдайда, мастопатияны (емшектің созылмалы ауруы) тексеру аса қиынға соқпайтынын атап өткен жөн. Мастопатия диагнозы науқасты клиникалық тексеру (бұған сұрастыру, қарау және саусақпен сезу жатады) және аспаптық тексеру, яғни оған жататын маммография және УДЗ әдістері негізінде қойылады.

Сондай-ақ, диагнозды нақтылау үшін инвазивті әдіс – биопсия да қолданылуы мүмкін. Зерттеудің осы әдістерімен қоса, зертханалық әдістер де маңызды рөл атқарады – қан құрамындағы эндокринді бездерді анықтайды (аналық бездерді, қалқанша безін және т.б.).

Дәрігерлерге көбінесе мастопатияны етеккір кезіндегі сүт безінде болатын физиологиялық өзгерістерден ажырату қиынға соғатынын атап өткен жөн. Сондықтан тәжірибеде мастопатия диагнозы тым жиі қойылатын жағдайлар кездеседі (яғни гипердиагностика) немесе керісінше, дәрігерлер бездегі өзгерістерге мән бермей, оны қалыпты деп санап, әйел адамды да соған сендіреді (яғни бұл гиподиагностиканың өзі).

Сондықтан мастопатия диагнозын нақты анықтау үшін қолданыстағы барлық әдіс-тәсілдерді пайдалану ұсынылады. Яғни Сіздің дәрігеріңіз сүт безін бір мәрте тексеріп, басып көргеннен кейін сенімділікпен мастопатия диагнозын қоятын болса (алайда мұндай жағдай қазіргі таңда сирек кездеседі), басқа маман кеңесіне жүгінуді ойластырған жөн.

Мастопатияға қатысты барлық тексерулерді етеккірдің 7 – 14-ші күндерінде өткізу ұсынылатынына назар аударыңыз, себебі бұл кезеңде сүт бездерінің ұлпаларында ісіну азаяды.

Сүт безі ісіктерінің диагностикасы

Сүт безі қатерлі ісігін тексеру міндеттері:

-Қатерлі іскті бастапқы сатыда анықтау, бұл кезде сәтті емшара өткізуге болады;

-Ең қолайлы емдеу тактикасын таңдауда дәрігерге көмек көрсету;

-Жүргізілетін ем тиімділігін және оның нәтижелерін бағалау.

Сүт безі қатерлі ісігін тексеру екі кезеңнен тұрады: 

-бастапқы тексеру – скринингті тексеру, оған сипатын айқындаусыз сүт безіндегі бастапқы өзгерістерді анықтауға мүмкіндік беретін әдістер жатады. Бұл негізінен, әйел адамның сүт бездерін өзі қарау, сондай-ақ әр-түрлі дәрігер-мамандардың жеке қарауы (хирург, маммолог, онколог, эндокринолог және т.б.). Сондай-ақ, скринингтік әдістерге скринингтік маммография да жатады. Тексерудің скринингтік әдісі әдетте сүт бездеріндегі айқын өзгерістері жоқ әйел адамдарға жасалатынын атап өткен жоқ. Зерттеудің бұл әдістері жүйелі түрде жүргізіледі, ал олардың мақсаты – сүт бездері ауруларын бастапқы кезде тексеру. 

-дәйекті тексеру – тексерудің бұл түріне сүт бездеріндегі нақты өзгерістерді мақсатты анықтауға, олардың табиғатын, сипатын және таралымдылығын айқындауға мүмкіндік беретін зерттеу әдістері жатады. Бұл әдістер, сондай-ақ, емдеу тиімділігін бақылау үшін қызмет етеді. Мұндай әдістерге компьютерлік томография, магнитті-резонансты зерттеу, ультрадыбыстық зерттеу, биопсияның барлық түрлері және т.б. жатады.

Зерттеудің көптеген талдаулары мен әдістері бірнеше ай көлемінде жүргізіледі. Сүт безі қатерлі ісігін тексеру екі негізгі сауалға жауап беруі тиіс: 

1. Ісіктің инвазивті не инвазивті емес болуы? 

2. Ісік іргелес лимфалық түйіндерге өтті ме, егер өтсе, қандай мөлшерде?

Сондай-ақ, тексеру ісіктің келесідей параметрлерін анықтау қажет: 

-Ісік көлемі; 

-Оның сатысы;

-Гормонды рецепторлардың күйі;

-HER2-онкогеннің көрінуі;

-Ісіктің болжалды резекция шектері

Талдаулар мен зерттеудің басқа әдістерін жүргізумен қатар, науқас ағзасының жалпы жағдайын бағалау да жүзеге асырылады: жүрек-тамыр жүйесі, қан, тыныс алу мүшелері мен денсаулық жағдайының басқа да параметрлері. Осы бөлімнен Сіз сүт безі қатерлі ісігін тексерудің барлық әдісері жайлы біле аласыз. Әр әдістеме, олардың түсініктері, қалай жүргізіліп, қандай нәтиже беретіні туралы әр тарауда толыққанды айтылады.

Салауатты өмір салты 23.02.2015 жариялады
116,264 сұрақ
295,192 жауап
152,913 пікір
61,078 қолданушы