Сүт безі обырының пайда болу себептері және оның профилактикасы

Қатерлі ісіктің (канцерогенездің)  пайда болуы көп сатылы үрдіс болып табылады, оның келесі фазалары бар: инициализация фазасы (химиялық, физикалық немесе биологиялық факторлар әсерінен жасушада орын алатын бастапқы өзгерістер) және промоция (күшейту) фазасы, ол өздігінен қатерлі ісіктің пайда болуына әкелмейтін, алайда оның дамуына күшейткіш әсер ететін заттардың әсеріне негізделеді. Сүт безінің обырына қатысты мұндай промоторлар (ісіктің өсуін күшейтетін факторлар) ретінде жиі стероидтік гормондар – анабезде, бүйрекүстібезде және белгілі бір шарттарда май тіндерінде түзілетін эстрогендер болып келеді. Эстрогендер ағзаға сырттан: тағаммен немесе түрлі ауруларды емдегенде, сондай-ақ бала көтертпейтін дәрі-дәрмектерді қолданғанда енуі мүмкін. 

Сүт безі обыры дамуының қауіп факторларының көп бөлігі промоцияға тәуелді болып келеді, яғни анабез гормондарының – эстрогендердің түзілуімен және әсерімен қандай да бір дәрежеде байланысты болады.

Сүт безі обырынан зардап шегетін науқастардың орташа жасының үлкен мөлшеріне (55 жастан асқандар) қарамастан, олардың көпшілігі канцерогендік әсерлердің нәтижесінде шамамен 25 жастан 35 жасқа дейін қоздырылып кейін өршиді. Есептерге жүгінсек, өсу қарқынына байланысты ісік қазіргі заманғы анықтау әдістерінің көмегімен анықтау мөлшеріне (шамамен 5 мм) дейін өскенше 2 жылдан 20 жылға дейін уақыт өтеді. Бұл обыр жас шақта өте көп адамда пайда болады деген сөз, алайда дамыған клиникалық жағдайға дейін тек кейбіреулерінде – обырдан емделіп жатқандарда әкеледі.

Қазіргі таңда сүт безі обырының пайда болу себептерін және оның тиімді профилактикасына анықтауға арналған көптеген зерттеулер жүргізіліп жатыр. Сол себепті дәрігерлер не себепті кейбір әйелдерде сүт безінің қатерлі ісігі пайда болады, ал басқаларында пайда болмайды деген сұраққа әзірше жауап бере алмайды.

Әрбір әйел сүт безі обыры дамуының қаупін барынша төмендету үшін қолынан келгеннің барлығын жасауды қалайды. Алайда, өкінішке орай, әзірше бізде осыған көмектесе алатын жеткілікті ақпарат жоқ. Ғалымдар бұл аурудың пайда болуына әсер ететін сыртқы және ішкі қоршаған ортаның факторларын анықтаумен айналысып жатыр. Қауіпті төмендету қауіп факторларын болдырмауды, сондай-ақ қорғаныс факторларының әсерін арттыруды білдіреді.

«Ішкі» ортаның факторларына біздің денсаулығымызға тікелей байланысты факторлар жатады. Бұл – генетикалық бейімділік, гормондық фон, аурулар, соның ішінде сүт безі аурулары, сондай-ақ жыныс мүшелерінің аурулары және психоэмоциялық күй.

Сыртқы ортаның қауіп факторларына сүт безі обырының даму қаупіне әсер ете алатын қоршаған заттардың барлығы: экология, тағамдар, су, ауа және күйзеліс, соның ішінде медикаменттер. Осындағы кейбір факторлар, мысалы, генетикалық бейімділік және дәрілік заттар, қауіптің пайда болуына тікелей әсер етеді.

Салауатты өмір салты 23.02.2015 жариялады
116,035 сұрақ
294,403 жауап
152,841 пікір
60,365 қолданушы